Хазірет айша


Жабық киінудегі ұқыптылығы



Pdf көрінісі
бет59/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Жабық киінудегі ұқыптылығы

айша  анамыз  қыз-келіншектерге  үнемі  жабық 

киініп  жүруді  ескертетін.  Өзі  де  бұған  аса  мән 

беретін.  Дін  өлшемдері  тұрғысынан  алғанда  өзге 

мұсылмандарға ана болып саналса да, мұқият қарап, 

туыстығы жоқ, бөтен адамдармен міндетті түрде ара 

қашықтық сақтайтын. 

274


 Ибн сағд, Табақат 8\67; Зәһәби, сиәр 2\187, Әбу нуайм, Хилия-

тул әулия 2\47, Ханнад, Зүһд 1\337 (619). Осыған ұқсас хадис үшін 

қараңыз:  Хаким,  мүстадрак  4\15  (6745),  Әбу  нуайм,  Хилиятул 

әулия 2\47 

275

  Тирмизи, Қияма 33




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

160

Кейбір  көзі  көрмейтіндердің  алдында  да  әдебін 



сақтап  жабық  киінуге  тырысатын.  Бір  күні  жанына 

табиғиннің  алдыңғы  қатарлы  адамдарынан  хазірет 

Исхақ келгені сол еді, анамыз тағы да перденің арғы 

жағына өтті. алайда, хазірет Исхақтың көзі көрмейтін, 

анамыздың бұл әрекетін жатырқап:

–  менен  де  сақтанып  жатырсыз  ба?  мен  сізді 

көрмеймін ғой, – дегенде, оған:

–  сен  мені  көрмеуің  мүмкін,  бірақ  мен  сені 

көремін ғой

276


 – деген еді.

Туысы  болса  да  жанына  көкесі  келгенде 

қысылатын. Бұл әрекетіне тосырқай қарағандарға:

–  мені  емізген  оның  әйелі  болатын,  өзі  емес,  – 

дейтін.  Өзінше  пайым  жасап  үкімі  осындай  болар 

деп  түйген.  сұраған  кезінде  расулалла  (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм) оған:

–  Туыс  болғандықтан  көкеңнің  жаныңа  келуіне 

рұқсат ет

277


, – деп түсірді. 

Ибн  аббастың  (р.а.)  айтуынша,  расулалланың 

екі  немересі  Хасан  мен  Хусейін  қасына  келгенде  де 

басына  жаулық  салатын.  сондықтан  хазірет  Хасан 

мен  Хусейін  пайғамбарымыздың  әйелдеріне  жиі 

бармағанды  жөн  көретін,  өйткені,  аналарымыздың 

қысылатынын білетін

278


–  Хазірет айша ғибадат үшін де көпшіліктің ара-

сына  қосылмай  адам  аз  кезде  тауап  жасауды  дұрыс 

көретін. Қағбаны тауап етіп жүргенде әйелдердің бірі:

276

  Қараңыз: Ибн сағд, Табақат, 8\69



277

  Бұхари, шахадат 7 (2501); мүслим, рада 3 (1445)

278

  Ибн сағд, Табақат 8\58




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

161


–  Әй,  мүминдердің  анасы!  Кел,  сәлем  берейік, 

–  деп  қара  тасқа  бірге  баруды  ұсынғанда,  оған 

«Осыншама  адамның  арасында  ма?»  дегендей  кейіп 

танытқан


279

Осындай  ұяттылығын  білетіндер  анамыздың 



мәтафқа  келетінін  ести  сала  ол  жерден  ер  кісілерді 

шығарып,  еркін  тауап  етуіне  жағдай  жасайтын

280



Тіпті,  осы  үшін  арнайы  кісілер  тағайындалып, 



мәтафты  айша  анамыз  тауап  ете  алатындай  етіп 

әзірлейтін. 

шейіт етілген хазірет Омар өз бөлмесіне жерлен-

ген соң сүйікті жары мен әкесінің қатар жатқан қабірін 

бұрынғыдай  зиярат  етпейтін  болды.  Ендігі  жерде 

хазірет  Омардан  ұялып,  зиярат  кезіндегі  киіміне 

мұқияттылығын арттырды

281


Дәріс берген кездерінде де әдебін сақтаған. Өзінен 

сұрақ  сұрап  келетіндер  көп  еді.  Тіпті  табалдырық 

тоздырып  келушілер  жас  талғамайтын.  арасын-

да  жиенінен  бастап  алыс-жақын  туыстарына  дейін 

келетін.  Туыстарымен  жолығысу  қиындық  тудыр-

майтын.  ал басқа адамдармен анамыздың арасында 

әрдайым бір перде болып, дәріс кезінде осы перденің 

арғы жағынан өтетін. Бір айырмашылық туындағанда 

қолымен ымдап көрсететін. Табиғин имамы мәсруқ 

бұл жағдай туралы былай дейді:

279


 Бұхари,  Хажж  63  (1539),  абдурраззақ,  мұсаннаф  5\66  (9018), 

Байһақи, сүнән 5\78 (9030) 

280

  Қараңыз: Бұхари, Хажж 63 (1539)



281

 Хаким, мүстадрак 4\8 (6721), ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\202 

(25701) 



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

162

«Перденің  артынан  мен  оның  қол  соққанын 

еститінмін»

282


.

мұқияттылық сақтай отырып, сабақты пайдалы 

етіп өткізуге тырысатын. Кейде сабақ алу үшін өзіне 

жиі келуге мәжбүр болғандардың ең жақындарының 

бірінен  сүт  алып,  ғылым  үшін  олармен  көбірек  кез-

десуге мүмкіндік табатын

283

. Өйткені, алла елшісінің 



хазірет  Әбу  Хузайфаның  әйелі  сәһлә  бинти  сүхәйл 

үшін  осындай  рұқсат  бергенін  және  оның  жасы  ер 

жетсе  де  хазірет  сәлимге  сүт  беріп,  өз  араларында 

туыстық қатынас құрғанын білетін

284



Қажет кездерде туыс шәкірттеріне өз білгендерін 



іс жүзінде көрсететін. мысалы, жақын туыстарының 

бірінің сәлим деген құлы бар еді. сол бір күні келіп 

анамыздан  дәрет  алу  туралы  үйренгісі  келеді.  Оған 

анамыз алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

қалай дәрет алатынын көрсетеді. Бұл жерде ешқандай 

айып  жоқ  болатын.  Өйткені,  сәлим  анамыздың 

туысының құлы болатын, осы жағынан оған жақын 

саналатын. 

арадан біраз уақыт өткенде сол кісі тағы келіп:

–  Әй, мүминдердің анасы! маған дұға ет! – деді. 

–  не үшін?

сонда  қуанышын  анамызбен  бөліскісі  келген 

сәлим:

–  алла маған азаттықты бұйыртты, – дейді.



282

  Бұхари, Әдахи 15 (5246), мүслим, Хажж 370 (1321), ахмад ибн Хан-

бал, мүснәд 6\30

283


  Қараңыз: муатта, рада 2 (1265); Әбу Дәуіт, никах 10 (2061); ахмад 

ибн Ханбал, мүснәд 6\272 

284

  Қараңыз: муатта, рада 2 (1265); Әбу Дәуіт, никах 10 (2061); ахмад 



ибн Ханбал, мүснәд 6\272


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

163


сонда анамыз оған:

–  Әп, бәрекелді! Құтты болсын! – деді де дереу 

пердені  түсірді.  Өйткені,  енді  ол  бөтен  адам  еді, 

сол  күннен  бастап  сәлиммен  тек  перденің  артынан 

сөйлескенде жөн санаған

285






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет