Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
149
екен. Күң сол мақсатына жету үшін дұғалатыпты.
анамыз ашуланып:
– ант етемін, сені ешқашан азат етпеймін, – деді.
сөйтті де, оны басқа біреуге сатып, орнына басқа күң
сатып алып, соны азат етті
249
.
Оның бұл мәселедегі жомарттығын барша жұрт
білетін. анамыздың азат еткен құлдарының саны
алпыс жетіге жеткен
250
.
Барлық адаммен бірдей сөйлесетін, ешбірін бөліп-
жармайтын. Бір күні өзіне келіп, тамақ сұраған бір
кісіге кесеге салып нан берді. Ол кеткеннен кейін
ақыл-есі кемістеу бір кедей тағы келді. анамыз оны
қасына шақырып, қолындағы тамағынан беріп қарнын
тойдырды. Кедей кеткеннен кейін қасындағылар неге
бұлай жасағанын сұрады. сонда:
– расулалланың
«Әркімге жағдайына қарай
сыпайылық танытыңдар»
дегені бар. Бұның мәнісі
сол
251
– деп түсіндірді.
Әрдайым қанағатты ұстанып, ешкімге масыл
болғысы келмейтін. Қолындағысын үнемдеп,
ысырапқа жол бермейтін. Қасындағыларды да солай
тәрбиеледі. Жұпыны өмір сүргеніне еш өкінген емес,
керісінше өз еркімен осыны қалап, көбіне ақыретті
ойлайтын.
Бұл таңдау тек жоқшылықтан туындаған жоқ,
қолында бар кездерде де осы әдетінен танбады.
Хазірет Омар өзіне бір кесе алтын жіберген кезде
249
Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\68 (162); ахмад ибн Ханбал, мүснәд
6\40 (24172); Хаким, мүстадрак 4\244 (7516); Байһақи, сүнән 8\137;
Дарақутни, сүнән 4\140 (53)
250
санани, субус сәләм 4\139
251
Әбу Дәуіт, Әдәб 23 (4842)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
150
көңілі босап, алтынды дереу қасындағыларға тара-
тып жіберді. Тіпті, енді бұндай алтын келмесе екен
деп тілеген
252
.
шәкіртінің бірі айша бинт Талха былай дейді:
– айшамен жақын араластығымызға байланы-
сты әркімдер хат жазып, кейде көмек ретінде тарту-
таралғылар жіберетін. мен:
– Әпке! мынау пәленшенің хаты, мынау
сыйлығы, – деп заттарды бергенімде, маған:
– Қызым, жауап ретінде оған былай деп хат жаз,
сыйлық қоса жібер. Егер беретін ештеңең болмаса,
мен саған беремін
253
, – деп өзі беретін.
Өте жігерлі еді. Оны қасындағы адамдар да, болып
жатқан оқиғалар да бет алған бағытынан өзгерте
алмайтын. Әрдайым көздеген жоспарын орындап,
өзіне тиіскен, жақындарына қысым жасағандарға
әділ түрде сазайын беретін
254
. Өйткені, басқалардың
жасаған жамандықтары мүминді қасиетсіз тірлікке
итермелемеуі керектігін жақсы білетін. сондықтан
әрбір мүмин үшін жақсылықты қолдайтын
255
.
Ешқашан кеудесін керіп, өркөкіректенбеген.
Табиғиндердің үлкен имамы мәсруқ расулалла
қайтыс болғанда, анамызға көңіл айта барғанын
былай әңгімелеген:
– Көңіл айта барғанымда, алдыма ас қойды.
Көңілі босап:
252
Қараңыз: Хаким, мүстадрак 4\9 (6725); Зәһәби, сиәр 2\190
253
Бұхари, әл-Әдәбул муфрад 1\382 (1118)
254
Қараңыз: мүслим, 19 (1828), Ибн Хиббан, сахих 2\313 (553)
255
Қараңыз: фұрқан, 25\72
|