Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет40/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

103


қарапайымдылықта  күн  кешсе  де,  араларындағы 

сүйіспеншілікке сызат түскен емес. 

Осынау  мүбәрак  отбасының  сорпаны  жақсы 

пісіретін парсы көршілері бар еді. Бір күні жақсылап 

сорпа  жасайды  да  пайғамбарымызды  тамаққа 

шақырады. алайда, ол кісі жалғыз барғаннан гөрі аш 

жүрген айша анамызды да ерте барғысы келіп: 

–  айшаны да шақырасың ба? – деп сұрайды. Әлгі 

кісі:

–  Жоқ,  –  дейді.  Көршінің  Ислам  дінінің 



ерекшеліктерін білмейтіні белгілі еді. Бәлкім, сопра-

сы аз болған шығар немесе пайғамбарымыздың сол 

сәттегі  жағдайын  ұғына  алмаған  шығар.  расулалла 

оған: 


–  Онда  бармаймын,  –  дейді.  арада  біраз  уақыт 

өткенде  әлгі  кісі  қайта  келіп  тамаққа  шақырады. 

алланың елшісі тағы да өз ұсынысын айтады. Жарын 

көрсетіп екінші рет сұрайды:

–  айшаны да шақырасың ба?

–  Жоқ, – дейді көршісі. Пайғамбарымыз үйіне ба-

рудан бас тартады.

Әлгі  кісі  үшінші  рет  келіп,  тағы  да  шақырады. 

алла  елшісі  тағы  да  өз  талабын  қайталайды.  Үш 

ретте  де  айша  анамызды  ертіп  барғысы  келгеніне 

қарап, сірә, бір гәп бар шығар деп түйеді. сол себепті 

пайғамбарымыздың сұрағына бұл жолы:

–  Иә, – деп жауап береді. 



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

104

сөйтіп,  адамзаттың  ардақтысы  (саллаллаһу 



аләйһи  уә  сәлләм)  ол  үйге  айша  анамызбен  бірге 

барады


145

Бұл  сүйіспеншілік  басқа  әйелдердің  де  назары-



нан  тыс  қалмады.  Тіпті  кейде  олар  айша  анамызға 

қызғанышпен  қарайтын.  Бір  күні  отырып  өзара 

келісіп,  фатима  анамыз  арқылы  бұл  жағдайды 

алланың елшісіне жеткізбек болды. фатима анамыз 

барып: 

–  Уа,  алланың  елшісі!  Отбасың  Әбу  Бәкірдің 

қызы мәселесінде сенен әділдік талап етеді! – деді. 

Жағдайдан хабардар әкесі фатимаға қарап:

–  Қызым,  сен  менің  жақсы  көргенімді  жақсы 

көрмей тұра аласың ба? – деді.

Бұлайша  сұрақ  беру  арқылы  берілген  жауаптың 

астарында  зілді  үкімнің  бар  екені  байқалатын. 

Пайғамбарымыздың  даусындағы  жұмсақтық  пен 

берілген  жауаптың  астарындағы  маңызды  мағына 

қызының өкінішін тудырды. сондықтан фатима:

–  Әрине, жақсы көремін, – деп жауап берді. 

нәби де қызынан осындай жауап алатынын жақсы 

білді. алла елшісінің жақсы көргенін жақсы көрмеу 

жөн  емесі  анық.  Өзінің  айтқанына  қатты  өкінген 

фатимаға айша анамызды көрсетіп: 

–  Ендеше, айшаны да жақсы көр, – деді.

Хазірет  фатима  меселі  қатқандай  болып, 

жағдайды  аналарымызға  айтты.  Бірақ,  олар  бұған 

қанағаттанбай, өтініш жасап, қызын әкесіне тағы бір 

рет жібергілері келді. алайда, жауап нақты болатын. 

145


  Қараңыз: мүслим Әшриба 139 (2037); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 

3\123 (12265)




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

105


Пайғамбарымыз  олардың  бұл  талабына  оң  жауап 

бермеді. Өйткені, алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи 

уә  сәлләм)  айшаны  басқа  аналарымызға  қарағанда 

айрықша жақсы көретін

146



Енді  олар  Үммү  сәләмә  анамызды  араға  салды. 



Өйткені,  оның  расулмен  бұрыннан  туыстығы  бар 

еді


147

. алайда, нәтиже өзгермеді. Оған да:

–  Үммү сәләмә, айшаны айтып мені қинамаңдар. 

Одан өзгеңнің қасында болғанымда маған уаһи келген 

емес, – деген жауап айтылды

148


Демек,  мәселе  басқада:  пайғамбар  таңдауы 

Жаратушының  қалауымен  астарлас  екен.  сол  күні 

осындай ескерту естіген Үммү сәләмә (р.а.) бірнеше 

жылдан кейін айша анамыздың қайтыс болған хаба-

рын естігенде қайғырып, былай деді: 

–  ант етейін, әкесінен кейін алла елшісі үшін ең 

сүйікті жан өмірден озды

149



Бәрі  бұл  махаббатты  анық  байқайтын.  Кейде 



әйелдері  өз  араларында  туындаған  келіспеушіліктің 

тігісін  жатқызып,  расулалланың  қайтадан  көңілін 

табу  үшін  айша  анамызды  араға  салатын.  Бір  күні 

сафия анамыз оған: 

–  айша,  жарыңның  көңілін  аулай  аласың  ба? 

Егер мұны жасасаң саған өз күнімді беремін, – деген 

ұсыныс жасады. 

146


  Бұхари, Хиба7 (2442)

147


  Үммү сәләмә анамыздың күйеуі Әбу сәләма пайғамбарымыздың 

әпкесінің баласы еді, олар емшектес бауыр болатын. Қараңыз: Иб-

нул Әсир, Усудул ғаба 1\632

148


  Бұхари, Хиба 7 (2442); фадаилус сахаба 30 (3564); нәсәи, Ишратун 

ниса 3 (3950); Тирмизи, мәнәқиб 63 (3879)

149

 Хаким, мүстадрак 4\15 (6746); Әбу нуайм, Хилияту әулия 2\44; 



Ибнул Әсир, Усудул ғаба 1\1395




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет