Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
80
Араларыңда әйелдерге осындай қылық жасағандар
білсін, әйелдері олардың аналары емес, олардың ана-
лары тек өздерін дүниеге әкелгендер. Олар шынында
да жалған және жаман сөз айтады. Сонымен қатар,
кешірімі мен мейірімі мол Алла өткен жағдайларға
тәубе еткендерді кешіреді. Әйелдеріне осылай
жасап олардан айрылмақ болып, сосын сөздерінен
тайғандар әйелдеріне жақындаудан бұрын бір құлды
азат етуі керек. Міне, сендерге бұйырылған нәрсе
осы. Алла істеген барлық нәрселеріңді біледі. Мұны
жасай алмайтындар әйеліне жақындаудан бұрын екі
ай үздіксіз ораза тұтуы керек. Оған да шамасы кел-
мегендер алпыс кедейді тойдыруы керек. Бұл үкімдер
Алланы және елшісін растап, солармен әрекет
жасап, надандық дәуірінің әдеттерін жоюларың
үшін қойылды. Міне, бұлар Алланың шектеулері.
Кәпірлер үшін ауыр азап бар»
106
.
Тағы бірде оған сабит ибн Қайыстың
107
әйелі
хазірет Хабиба бинти сәһл келеді. Күйеуінен
ажырағысы келетінін айтып, айша анамыздан көмек
сұрады. Хазірет Хабиба мұнафықтардың басшысы аб-
дулла ибни Убәй ибн сәлулдың қызы болатын. Күйеуі
106
мүжадала 58\1-4. Қараңыз: Әбу Дәуіт, Талақ 17 (2218); Тирмизи,
Талақ 20 (1200); Тәфсиру сура (58) 1; Ибн мажә, Талақ 25 (2062)
107
сабит ибн Қайыс алла расулының хатшысы болатын. сөзге шешен,
дауысы зор еді. алла расулының құзырында дауыс көтеріп сөйлемеу
керектігі туралы хабар келген соң көрінбей кетеді. Жағдайды
байқаған пайғамбарымыз артынан кісі жібергенде, барғандар оның
үйінде қайғырып отырғанын көреді. сабит «мен құрыдым» деп,
дауысының зор екеніне өкінген еді. Жағдайды байқаған алла ра-
сулы «сен тозақтық емес, жұмақтықсың» деп оған хабар жібереді.
Кейіннен хазірет сабит ямәмада шәйіт болады. Қараңыз: Ибн сағд,
Табақат 1\451, 452.
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
81
хазірет Ханзала Ухудта шейіт болғаннан кейін сабит
ибн Қайыспен тұрмыс құрған еді. Көркі мен бойы
жағынан ерекше, жанұясы алақанға салып өсірген
қыз болғандықтан, қаншама шешендігімен таныл-
са да, түр-әлпеті мен көркі жағынан қызығарлықтай
дәрежеде емес сәбитті ұнатпаған хазірет Хабиба
онымен ажырасқысы келген-ді.
алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
келген кезде оған өзегін өртеген өкінішін айтып:
– Уа, нәби! мен күйеуім сабит ибн Қайысты
діні, мінезі жағынан айыптамаймын. алайда, ислам-
ды таңдағаннан кейін қайтадан күпірлікке салынудан
қорқамын, күйеуіммен ажырасқым келеді, – деді.
Хазірет Хабиба нық шешім қабылдаған еді. алла
елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) одан:
– Күйеуіңнің бақшасын да қайтарасың ба? – деп
сұрады.
Ол сенімді түрде «Иә» деп жауап берді. алла
елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) күйеуі хазірет
сәбитті шақырып, бұл мәселе туралы оның да
ниетін сұрады. Ол да шарасыз екенін білдірді.
Түсініспеушілік ұлғайып, жараның беті жабылмас
халге жеткендіктен, ары қарай бірге өмір сүру қиын
еді. алланың ең ұнатпайтын нәрсесі ажырасу болса
да, басқа амал табылмады. Хазірет сабиттің де ойы
осыны алдын ала болжап, іштей дайын жүрген еді.
соңғы сөзді алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) :
– Бақшаны ал да, әйеліңмен ажырас,
108
– деп
кесіп айтты.
108
Ибн мажә, Талақ 22 (2056); муатта, Талақ 11 (1174); абдурраззақ,
мұсаннаф 6\502 (11842); нәсәи, Талақ 34