Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет26/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

68

«адам  баласының  екі  сай  толы  дүние-мүлкі 



болса,  үшіншісін  қалайды,  оның  көзін  топырақтан 

басқа  ештеңе  тойдыра  алмайды.  алайда,  дүниедегі 

қажеттіліктер  намазды  дұрыс  оқи  білу  және  зекетті 

бере алу үшін керек-ақ. Күмәнсіз, тәубе еткендердің 

тәубесін алла қабыл етеді», – дейтін

87

.



аналарымыз  тұрмыс  тапшылығын  аса  ауыр 

мәселе ретінде көрмеген. Пайғамбарымыз келгенде:

–  Үйде жейтін нәрсе бар ма? – деп сұрайтын. Жоқ 

болса:


–  мен оразамын, – деп құлшылыққа ниет ететін

88

.



алланың  ең  сүйікті  құлының  басынан  өткізіп 

жатқан  бұл  қиындықтарын  білетін  ансар  көршілері 

кейде  оларға  тамақ  беріп  жіберетін

89

.  алайда, 



кедейлікпен күн кешу пайғамбарымыздың (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм) өзі таңдаған өмірлік ұстанымы мен 

тұрмыс салты болатын. яғни, толығымен өз еркімен 

таңдалған мәселе еді. ал, сахабалардың тамақ жіберіп, 

сусын ұсынуы ізеттіліктен туындады. 

нәби  ақыретке  тиісті  нығметті  бұл  дүниеде 

тауысқысы  келмейтін.  Іші  талшықпен  толтырылған 

төсекте 


жататынын 

байқаған 

ансарлардың 

арасындағы  бір  әйел  сахаба  бұл  жағдайды  байқап, 

87

  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\55, 5\218 (24321, 21956). сондай-ақ, 



қараңыз: Бұхари, риқақ 10 (6072); мүслим, Зекет 116 (1048); Тир-

мизи, Зүһд 27 (2337)

88

  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\49 (24266); Ибн Хиббан, сахих 8\393 



(3630); нәсәи, әс-сунәнул кубра 2\115 (2635); Әбу яғла, мүснәд 

8\72 (4596)

89

  Қараңыз: Бұхари, Хиба 1 (2428); Ибн мажә, Зүһд 10 (4145); мүснәд, 



мүснәд 6\244 (26119), 6\238 (26046); Ибн Хиббан, сахих 14\287 (6372)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

69

айша анамызға ішіне жүн салынған жаңа төсек сый-



лады. Үйіне келген кезде ері осыны байқап: 

–  айша, мынау не? – деп сұрады. 

–  ансардан  пәлен  деген  әйел  үйге  келген  кезде 

төсегіңізді  көрді  де  мынаны  алып  келді,  –  дейді 

анамыз.  Пайғамбарымыз  жұпыны  өмір  сүруді  өз 

еркімен таңдағанын білдіріп:

–  айша,  бұны  кері  қайтар!  ант  етейін,  егер 

қаласам  алла  тағала  тауларды  менің  қолыма  алтын 

мен күміске айналдырып берер еді

90

, – деді.



Әйелдер үшін алтын мен жібек ұстау мүбах болса 

да  алла  елшісі  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  өзіне 

ең жақын адамдарына бәрібір ескерту жасап, отбасы 

мүшелерінің дүние нығметтерінен алшақтау тұруын 

талап ететін. Бір күні анамыздың қолынан екі алтын 

білезік немесе осыған ұқсас бір әшекей көріп: 

–  саған  бұдан  да  жақсы  нәрсе  айтайын  ба? 

мұны  шешіп,  екі  күміс  білезік  тақсаң,  сосын  оны 

зағфаранмен  (хош  иісті  гүл)  боясаң  бұдан  да  әдемі 

болады, – деді

91



Осы айтылғандарға мойынсұнып, өзі де басқаларға 



насихат ететін айша анамыз (р.а.) баршаға қатысты 

жалпылама бір хабарды былай жеткізеді:

–  расулалла  бізге  бес  нәрсеге  тыйым  салды: 

жібек киім кию, алтын тағу, алтын-күміс ыдыстардан 

су ішу және сапар кезінде түйе мен аттың іші жүнді 

90

  Байһақи, шуабул иман 2\173 (1468); Табарани, әл-мұғжамул әбсәт 



6\141;  Қараңыз:  Қандахлауи,  Хаятус  сахаба  2\501;  Тахмаз,  әс-

сәйидату айша 33 

91

  нәсәи, Зина 39 (5143); нәсәи, әс-сунанул кубра 5\436 (9444) 




Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

70

немесе жібектен жасалатын тоқым, қызыл ыдыстар-



дан су ішу, қалың жібектен тоқылған киім кию. 

Бұларды естіген соң: 

–  Уа,  нәби!  Жалатылған  алтын  да  солай  ма?  – 

деп  сұраған  анамызға  пайғамбарымыз  (саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм): 

–  Жоқ, – деп жауап берді де артынан:

–  сен сонда да күмісті қолдан, тіпті зағфаранмен 

боялғанын таңда

92

, – дейді.



алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мұндай 

ұсыныстарды  жасаумен  шектелмей,  айналасындағы 

өзгерістерді  де  қырағылықпен  бақылайтын.  Өзі 

қарапайым адам өзіне жақын адамдардың да айрықша 

болып көрінгенін қаламайтыны белгілі еді. Олардың 

дүниеге құмартпауын қалады. 

Бір  күні  сахабаларын  ертіп  сол  кездің  ең  үстем 

мемлекеті  Византиямен  түйісетін  жер  Тәбүкке 

аттанған  еді.  Осы  сапарда  жүрген  кезінде  айша 

анамыз  бетінде  суреттері  бар  мата  алады  да,  оны 

перде  етіп  үйдің  бір  бұрышына  іледі.  Тәбүктен 

аман-есен  оралып,  үйінен  мына  бір  өзгерісті  көрген 

пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түсін 

өзгертіп:

–  мынаның  көзін  құрт,  өйткені,  үйге  келгенде 

көзім түссе, дүниені ойлаймын, – деген еді

93



92



  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\228б 310 (25953, 26681), Әбу яғла, 

мүснәд 8\223 (4789) 

93

  Ибн Хиббан, сахих 2\447 (672). сондай-ақ қараңыз: мүснәд, мүснәд 



6\229 (25963), нәсәи, әс-сунәнул кубра 5\502 (9781); Әбу яғла, 

мүснәд 7\369 (4403); Исхақ ибн рахуа, мүснәд 2\363 (903); нәсәи, 

Зинәт 111 (5352). Бұл ескертулерінің арасында «Қиямет күні ең 

ауыр азапқа душар болатындар өнер үшін алланың жаратқандарына 

еліктегендер» деген ескертуі де бар.



Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

71

Хайбардан кейін алла елшісі (саллаллаһу аләйһи 



уә сәлләм) әйелдері үшін бір жылға деп сексен уисқ

94

 



құрма  және  жиырма  уисқ  арпа  есептейді

95

.  алайда, 



аналарымыздың жомарттығы себепті бұл үйге келіп-

кетушілердің  көптігіне  байланысты  бұл  жетпейтін 

еді. 

Пайғамбарымыздың қайтыс болған күні бұл үйде 



жарты  кесе  арпадан  басқа  ештеңе  болмаған

96

.  Оның 



өзін  анамыз  алла  елшісінің  сауытын  кепілдікке 

қойып, яһуди көршісінен алған

97



міне,  дүниенің  ең  бақытты  адамы  осындай 



үйде,  осындай  тұрмыс-тіршілікте  өмір  сүрді.  нағыз 

бақыттың  тек  дүниелік  нәрселердің  жеткілікті 

болуы  ғана  емес  екенін  көрсететін  осы  қарапайым 

өмір, алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

дүниеден  озғаннан  кейін  де  дәл  осылай  жалғасын 

тапты.  аумағы  кішкентай  болса  да  исламның 

болашағы  үшін  таудай  қызметтер  атқаруын 

тоқтатпаған бұл жер тап-таза бұлақ суының қайнары 

секілді  болды.  алла  елшісінің  (саллаллаһу  аләйһи 

уә сәлләм) тірі кезіндегі күндер секілді бұл күндерде 

де  айша  анамыз  адамдардың  ақылы  мен  жүрегін 

азықтандыруды  бір  сәт  те  ұмыт  қалдырған  жоқ. 

94

  Бір уисқ 60 сағ, яғни 62400 дирһамдық (165 литр) өлшем бірлігі.



95

  Бұхари, риқақ 16 (6086); Хумус 3 (2930); мүслим, Зүһд 27 (2973); 

Ибн мажә, Әтғима 49 (3345); Тирмизи, Қиямет 31 (2467)

96

  Бұхари, риқақ 16 (6086); Хумус 3 (2930); мүслим, Зүһд 27 (2973); 



Ибн мажә, Әтғима 49 (3345); Тирмизи, Қиямет 31 (2467)

97

  Бұхари, Жиһад 88 (2759) Тирмизи, Буюғ 7 (1214); нәсәи, Буюғ 83 



(4651); Ибн мажә, рәһн 1 (2438); ахмед ибн Ханбәл, мүснәд 1\236 

(2109)



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

72

Пайғамбар  мектебінің  теңдессіз  мұғалімі  ретінде 



болашақ ұрпаққа өте айқын да анық бағыт берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет