Хазірет айша


Жалғасын тапқан қарапайымдылық



Pdf көрінісі
бет27/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша

Жалғасын тапқан қарапайымдылық

анамыздың  күндізі  де,  түні  де  тең  жағдайда 

өтетін. Түннің басым бөлігін намазбен өткізіп, күндіз 

көбіне  ораза  ұстайтын.  Дін  ұстануда  өте  тұрақты, 

бірқалыпты болатын. алла елшісіның өсиетін өмірлік 

қағида  еткен  ол  ешқашан  тақуалықтан  ажырамады. 

Табиғиндердің  көпшілігі  және  анамыздың  жақын 

шәкірттерінің  бірі  хазірет  Қасым  секілді  білетіндер 

оның құрбан және ораза айттан басқа барлық күндерде 

ораза тұтқанын айтқан

98



Әрбір  күнін  өткен  қателіктеріне  кешірім  тілеп, 



тәубе  етумен  өткізіп,  бүгінгі  жеткен  деңгейіне 

кеше  қол  жеткізе  алмағанына  өкінетін.  Өйткені, 

пайғамбарымыздан  әрдайым  осыны  көрді.  Кешірім 

тілеу мен тәубе жасау сәттерінің мүмкіндіктерін қапы 

жібермей, әрдайым алланың алдындағы дәрежесінің 

жоғарылауы  үшін  тынымсыз  құлшылық  жасау 

керектігіне шын жүректен иланды.

Ғибадат  деп  бастаған  әр  ісін  соңына  дейін 

жеткізуді  мойнымдағы  парызым  деп  санады.  Ешкім 

де,  ешқандай  күш  те  оны  бұл  шешімінен  тайдыра 

алмайтын.  Бұл  қасиетіне  кейбір  кісілер  тосырқай 

қарағанда:

–  алланың  елшісі  кезінде  бастаған  нәпіл  на-

мазымды  әкем  мазарынан  тұрып  «Оқыма!»  десе  де 

98

  Ибн Жәузи, сыфатус сахаба 2\31




Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша

73

оқимын!



99

 – деп үзілді-кесілді нәпіл құлшылықтардан 

бас тартпайтынын жеткізген. 

Қолына  түскен  нәрсенің  бәрін  мұқтаждарға  та-

рататын. Бір күні анамыздың жанына хазірет Жабир 

(р.а.)  келді.  Кенет  ол  байқамай  «мына  киіміңді 

ауыстырсаң»  деп  айтып  қалды.  себебі,  анамыздың 

сол күні киген киімі тозған, кей жерлері жамалған бо-

латын. сонда айша анамыз хазірет Жабирге:

–  Бір  күні  расулалла  маған 



«Егер  менімен 

қауышуды қаласаң, тозығы әбден жеткенше киіміңді 

ауыстырма  және  бір  айлық  асыңнан  артығын 

ойлап,  сақтаушы  болма!»

  деп  ескерткені  бар.  мен 

енді көзімді жұмғанша сол бұйрығын орындамайды 

деймісің?

100

 – дейді. 



Тіпті,  ол  мұнымен  де  шектелмей,  кедей  мен 

мұқтаждардың аянышты жағдайына куә болса, барын 

сатып,  ақшасын  соларға  жіберетін.  мұны  жасаған 

кезде  өзі  туралы  еш  ойламайтын,  тек  басқалардың 

қажетін  өтеуді  көздейтін.  Бір  күні  қолындағы  бар 

нәрсесін  кедейлерге  таратып  берді.  Өзіне  берілген 

нәрселерді  де  сатып,  түскен  ақшаны  да  таратып 

жіберді.  Кеш  болып  ауыз  ашатын  кезде  өзінде  арпа 

нанынан басқа оразасын ашатын ештеңе қалмағанын 

көрді.


анамыздың  қарапайымдылығы  басқа  туыстары 

үшін де айрықша маңызды болатын. мүмкіндігі жете 

тұра  өз  еркіменен  жұпыны  өмір  салтын  таңдады. 

алла елшісімен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүрген 

99

  ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\138 (25122)



100

 Табарани, әл-мұғжамул әбсат 7\113 (7010); сондай-ақ қараңыз: 

Тирмизи, либас 38 (1780); Хаким, мүстадрак 4\347 (7867). 



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

74

өмірінің  қарапайымдылығын  соңғы  деміне  дейін 



сақтады. 

анамыз қалағанынша өмір сүре алар еді. алайда, 

ол алла елшісімен ақыретте бірге болуды таңдады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет