Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
92
нында болатын, себебі өзіне пайғамбарымыз тоғыз
күнде бір келетін.
алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүние
мен ақырет арасындағы таңдауды көрсететін аят
түскеннен кейін де дағдысын бұзбай, жоспардан тыс
таңдау жасаған кезде міндетті түрде әйелдерінен
рұқсат алуды ұмытпайтын. айша анамыз әсіресе осы
жағдайға баса назар аударып, ерік өзіне берілсе де
алла елшісінің өзгермеген әдетін былай түсіндіруде:
– Біздің кезектегі күндеріміз туралы расулал-
ла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Әй, пайғамбар!
Әйелдеріңнен қалағаныңды кейінге қалдырып,
қалағанын жаныңа ала аласың»
деген аят түскеннен
кейін де рұқсат сұрауын жалғастырды
127
.
Кезек келген күндерде уақытының барлығын
расулмен бірге өткізгісі келетін айша анамыз бұған
кедергі болатын істерге де мұқият қарайтын. Бір түні
оянған кезде қасында ері жоқтығын байқады. шырақ
жоқ, бөлме іші қараңғы еді. Басқа әйелдерінің біріне
кетті ме деген ой қылаң берді. сол-ақ екен, қолымен
сипап пайғамбарымызды іздей бастады. Бір кезде
анамыздың қолы алла елшісінің аяғына тиді, сөйтсе
пайғамбарымыз сәждеде екен. Көңілі орнына түсіп,
терең тыныстады. Өйткені, расулалла (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) сол бөлменің бір бұрышында дұға
жасап отыр екен. Құлақ салған кезде былай дегенін
естіді:
– Уа, алла тағалам, азабыңнан разылығыңа,
жазаңнан кешіріміңе сиынамын. Басқа емес, сенен
127
Бұхари, Тәфсирул Құран 279 (4511); мүслим, Талақ 23 (1476); Әбу
Дәуіт, никах 39 (2136); ахмад
ибн Ханбал, мүснәд 6\76 (24520)
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
93
қайта өзіңе сиынамын. Өзіңе қаншама мақтау айтсам
да, әлсіз екенімді мойындаймын. сенің мінсіз екеніңді
білемін. раббым! сенен басқа Құдай жоқ және барлық
нәрсе сенің қалауыңмен бар болады!
Әлгіндегі ойы үшін өкініп былай дейді:
– Уа, расулалла! Жолыңызға жаным құрбан, сіз
туралы мен не ойладым, ал сіз болсаңыз, немен айна-
лысып отырсыз
128
.
Тағы бірде дәл осындай жағдай орын алды.
Төсекке жатқанда алла елшісі (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) сырт киімінің бір жағын төсегіне тигізіп,
дәл бір тұрып кететіндей болып қисайып жатты.
алайда, өзі түнде ғибадатқа тұратын кезде де анала-
рымыздан рұқсат алатын. раббысымен бірге болатын
кездерінің өзінде де кісі ақысына құрмет көрсетуді
ұмытпайтын
129
. Бүгінгі мына әрекеті мүлде басқаша
болып тұр. Бұл айша анамыздың күмәнін күшейтті.
Біраз уақыт өткеннен кейін жайлап төсегінен
тұрғаны байқалды. айша анамызды оятып алмау үшін
аяғының ұшымен басып, ақырын ғана аяқ киімі мен
сырт киімін киіп, сыртқа шығып кетті. Бірақ, айша
анамыз ояу жатқан еді. неліктен шығып кетті екен
деп, артынан ақырын бақылап көргісі келді. Дереу
орнынан тұрды. Орамалмен жүзін жасырып, сырт
киімін киіп, ерінің соңынан білдірмей еріп отырды.
Пайғамбарымыз мәдина мазаратына келді. сол жерде
қол жайып ұзақ уақыт дұға етті. Қолы талған кезде
128
Қараңыз: мүслим, салат 221 (484, 486, 512); Тирмизи, Дағуат 76
(3493); Әбу Дәуіт, салат 152 (879); Ибн мажә, Дуа 3 (3841); нәсәи,
салат 72 (1131); абдурраззақ, мұсаннаф 2\160 (2898). Оқиғаға
тақырыпқа қатысты риуаяттарды біріктіру арқылы мағына берілген.
129
Қараңыз: Бәйһақи, шуабул Иман 3\383 (3837)