Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты


Аутизм бұзылымдары бар балаларға жалпы білім беру жүйесінде



Pdf көрінісі
бет55/70
Дата31.01.2022
өлшемі0,79 Mb.
#116733
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70
Байланысты:
Инклюзивті-білім

Аутизм бұзылымдары бар балаларға жалпы білім беру жүйесінде 

инклюзивті оқыту  жағдайларын құру жұмыстарымен сүйемелдеу. 

 

Жалпы  білім  беру  жүйесіне  аутизм  балаларды  инлюзивті  білім  беру 

үрдісіне  кіріктіру  мәселесі  балалардың  эмоциялық  және  психологиялық 

дамуына ықпал етеді және іске асады. 

Аутизм  балаларды  қолдау  мен  сүйемелдеу  деңгейі  диагностикалық 

белгілерінің  және  дамуындағы  түрлі  бұзылулардың  ауырлығының  негізінде 

кезектесу қажет. 



67 

 

Аутизм    балалардың  сөйлеу  тілі  коммуникативтілігі,  бірігіп  жұмыс  істеу 



қабілеті,  сенсорлық  қабылдау  бұзылуларымен  сипатталады.  Бұндай  балаларды 

инклюзивті  оқытуда    алдымен  бұзылымдарды  негізін  түсіну,  педагогикалық 

әдістемелерді таңдау. 

Аутизм  балаларды  басқа  бұзылымдары  бар  балалармен  салыстырғанда, 

аутизм балалардың көпшілігі жалпы білім беру бағдарламасымен оқи алады. 

Қалыпты  интеллект,  жақсы  есте  сақтау  қабілеті,  көріп  қабылдау  қабілеті 

аутизм балаға академиялық  бағдарламаны  жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. 

Аутист бала математикадан үздік оқи алады, кейде өз қатарындағы балардан да 

үздік  оқиды.  Кейбіреулері,  ұсақ  мотторикасында  проблемасы  жоқ 

жағдайда,сурет салуда үздік. 

Бір  жағынан,  аутистік  белгілері  және  қабылдау  проблемалары  мектепте 

оқығанда  үлкен  кедергілер  туғызады.  Құрдастарымен  қарым-қатынасқа  кірігу 

қиындықтары  сыныптастары  және  мұғалімдер  жағынан  әлеуметтік  шектеудің 

себебі болады. 

Тәртібінің  бұзылуы,  сыныпта  айқайлау,  орындықта  қозғалу,  агрессия, 

аутоагрессия бұзылымдары мұғалімге сабақ жүргізуге кедергі болады. 

Инклюзивті білім беру ортасы – бұл аутист баланың сенсорлық қабілетіне 

қолдау  таба  алмайды.  Сыныпта  балалардың  көптігі  және  кішкентай  кеңістік 

аутист баланың өзіне қол тигізуді қаламауы күшееді. Оқыс жерден аутист балаға 

кішкене  ғана,  қол  тиіп  кетсе,  ол  ұрынады  деп  қабылданады  және  агрессия 

реакцияларын туғызады. 

Инклюзивті ортада аутист бала оқу, жазу, есептеу қабілет алады.  Бірақ та 

инклюзивті білім берудің мақсаты жалпы білім беру бағдарламасымен білім алу 

емес. Бұндай тәсіл жеке оқытуда да қолжетімді. Инклюзивті орта аутист балаға 

жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес білім алумен қатар оқытуда кездесетін 

қиындықтар мен проблемаларды жеңуді қарастырады. 

Аутист баланың қандай да болса қабілетінің төмендігі немесе мүлдем жоқ 

көрсеткіші, инклюзивті ортаға лайықты еместігін көрсетпейді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет