Бұқаралық партиялар – үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары,
мүшелері, белсенділері көп партиялар. Олардың ресми мүшелері болмайды.
Партиялық билет алып, мүшелік жарна төлемейді.
Бұрмалаушылық – өз мақсатына жету үшін шындықты бұрмалау,
жасандылық, жалғандық.
Бүлік – бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған
іс-əрекеті.
Бюрократ − 1) азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерді
формальды түрде атқаратын қызмет қадамы; 2) басқарудың бюрократиялық
жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам.
Бюрократизм – істің мəніне немқұрайлы, формальды қарау, істі көпке
созу.
Бихевиоризм – жеке адамдар мен топтардың іс-əрекетін талдауға
негізделген əдістемелік бағыт.