Билеуші партиялар
– қолдарына мемлекеттік билік тиген, қоғам
дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік алған
партиялар.
Билль
– 1) АҚШ-та Ұлыбританияда жəне т.б. елдерде парламенттің
қарауына ұсынылған заңжобасы; 2) жеке заңдардың аты, мысалы, құқықтар
туралы.
Билік
– 1) адамдардың іс-əрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір
адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлық) көмегімен əсер ету мүмкіншілігі;2)
адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4)
мемлекеттік жəне əкімшілік өкілеттілігі бар адамдары, органдары.
Достарыңызбен бөлісу: |