Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


Автономия  – бір  мемлекеттің  шеңберінде  өзін-өзі  басқаруға  құқық берілген саяси – ұлттық құрылым. Авторитаризм



Pdf көрінісі
бет43/84
Дата02.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#117149
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   84
Байланысты:
tursumbaev

Автономия
 – бір  мемлекеттің  шеңберінде  өзін-өзі  басқаруға  құқық
берілген саяси – ұлттық құрылым.
Авторитаризм
 – жеке  адамның  билігіне  негізделген, басқаруда  күшке
сүйенетін мемлекеттік саяси тəртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Ол
көбінесі  саяси  жағдайға  белсене  араласатын  əскер  күшіне  сүйенеді.
Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.
Агрессия
 – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе
шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.
Адам
 – жер  бетіндегі  тірі  организмдердің  жоғарғы  сатысы, саяси –
қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.
Адам  құқықтары
 – белгілі  бір  игілік, өмір  сүруді  қамтамасыз  ететін
адамдар  мен  мемлекет  арасындағы  ережелердің  өзара  қатынастары,
кепілдіктері.
Азаматтық қоғам
 – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамсыз ететін
қоғамның  күйі. Бұл  қоғамда  мемлекеттің  жеке  адам  өміріне  араласуына  шек
қойылады. Онда  адамның  халықаралық  дəрежеде  танылған  ережелерге  сай
құқықтары сақталады.
Аймақтық
– белгілі  бір  жерге, облысқа, көршілес  бірнеше  елге
қатынасты бір нəрсе.
Аккредитация
 – 1) шет  мемлекетте  өкілеттілікке  ие  болу, сенім
грамотасын  тапсыру; 2) ақша  алуға  немесе  сауда  операцияларын  жасауға
өкілеттілік.
Алуандық
– қоғамдық  өмір  субъектілерінің (топтардың, тартардың,
ұлттардың  жəне  т.б.) экономикалық, əлеуметтік, идеологиялық, мəдени, діни,
жəне  т.т. мүдделердің  алуан  түрлілігін  білдіретін  пікір  сайысы, билеуші  жəне
оппозициядағы  партиялардың  үкімет биліктің орталықтануына, бір  партияның
немесе саяси күштің қолына шоғырлануына қарсы тосқауыл қояды.
Альтернатива
 – бірнеше мүмкіндіктің ішінен мəселенің шешімін таңдап,
бірін ғана талғап алу.


104
Альянс
 – ортақ  мақсаттарға  жету  үшін  келісім  шарт  негізінде  жасалған
ұйымдардың  одағы, бірлестігі. Əдетте  жағымсыз, келеңсіз  мағынада
пайдаланылады.
Анархизм
 – жеке  адамды  мемлекеттік  биліктен  құтқаруға  бағытталып
келеді.
Анархия
– 1) мемлекеттік  биліксіз  əр  түрлі  қауымдастықтар,
бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық;
2) үйреншікті  өмірде  тəртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты  басшылықтың
жоқтығын білдіреді.
Аннекция
 – басқа  мемлекеттің, халықтың  жерін  тұтас, я  бір  бөлігін
күштеп жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.
Антагонизм
 – мүдделі  қарама – қарсы  күштердің, қостасқан  топтар,
партиялар жəне т.б. арақатынасының шиеленіскен түрі.
Антисемитизм
 – еврейлерге  қарсы  бағытталған, оларды  қудалауға
арналған саясат пен идеологияның түрі.
Апартеид
 – нəсілдік  жағынан  бөлу, қорлау  саясаты. Ол  сайлау
құқығынан  айыру, бірдей  еңбекке  төмен  ақы  төлеу, көшіп – қонуды  шектеу
жəне т.с.с. көрініс береді.
Апартидтер
 – ешбір  мемлекеттің  азаматы  болып  саналмайтын  адамдар.
Олар  қай  елде  тұрса, сол  елдің  заңына  бағынады, бірақ  саяси  құқықтары
болмайды.
Аристократия
 - Ақсүйектер  əулеті, билік  жүргізетін  мемлекеттік
басқарудың түрі.
Ассамблея
 – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы.
Ассоциация
 – белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мəдени жəне т.б.
мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет