Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)


 Қазақстанның сыртқы саяси бағдарлары



Pdf көрінісі
бет41/84
Дата02.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#117149
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84
Байланысты:
tursumbaev

13.3 Қазақстанның сыртқы саяси бағдарлары
Əлемдік  тəртіпті  қалыптастырудың  геосаяси  үлгілері  туралы. XXI
ғасырда əлем қандай болмақ?
АҚШ  президенті  Б. Клинтон, АҚШ  Конгресінде  сөйлеген  сөзінде XXI
ғасыр - ол Американың ғасыры екендігін айтқан.
ГФР  экс-канцлері  Г. Коль XXI ғасырда  дүниежүзілік  қауымдастықтың
дамуын  үш  орталық - АҚШ, Германия  мен  Жапония  басшылығымен  Біріккен
Европа - анықтайтын болады деп айтқан болатын.
Жапонияның бүрынғы премьер-министрі Накасонэ əлемдік дамуды тоғыз
орталық, яғни  капитализмнің  жеті  дамыған  елдері, Ресей  жəне  Қытай
анықтайды деп жазды.
Кейбір саясаттанушылардың  ойынша, XXI ғасыр екі  ірі  держава - АҚШ
пен Қытайдың бір-біріне қарсы күрес ғасыры болады.
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н. Назарбаев  бейбітшілікке,
қоғамдық  өмірдің  барлық  аумақтарындағы  ынтымақтастыққа  негізделетін
полицентризмді қолдап, өз пікірін білдірді.
Бұлар 
мемлекеттердің 
жетекшілерінің, саясат 
қайраткерлерінің
болжамдары. Халықаралық  қатынастар  саласындағы  мамандар  да  өз
болжамдарын  білдірді, олардың  болжамдары  жоғарыда  айтылғандардан
қаншалықты айырмашылықтары бар екен?
Дүниежүзілік тəртіпті қалыптастырудың бірінші үлгісі - əлем бірполюсті-
авторитарлы үлгі ретінде болады, онда АҚШ өзіндік ұлттық қызығушылықтары
мен өзіндік дүниетанымын негізге ала отырып, өз еркімен жəне мəжбүрлі түрде
«дүниежүзінің құрылысымен» шұғылдана бастайды.
Екінші  үлгі - биполярлы  коллизиондық, онда  АҚШ  пен  Қытай  жетекші
рөлді атқарады.
Үшіншісі - көпполюсті əлем - түрлі елдердің, ең алдымен саяси ықпалды
жəне мықты орталықтардың қызығушылықтарын есепке алатын  тенденциямен
байланысты конфронтациондық емес демократиялық жүйе.


101
Қазіргі  кезде  неғұрлым  ықтимал  жəне  перспективті  болып  көпполюсті
əлемнің  үшінші  үлгісі  көрінеді, оның  жүзеге  асуыдүниежүзілік  геосаяси
дамудың алғашқы екі нұсқасының ықпалымен жүретіні түсінікті.
Дүниежүзілік  қауымдастықта  Қазақстан  қандай  орынды  иеленеді, біздің
еліміздің сыртқы саясатының мақсаттары мен принциптері қандай?
1991 жылы  Қазақстан  халықаралық  қатынастардың  егеменді, жеке  дара
субъектісі  ретінде  көрінді. Дегенмен  тəуелсіздікті  жариялау  мен  егемендікке
қол  жеткізу  көптеген  мəселелерді  шешуді  білдірді. Қазақстан  дүниежүзілік
саясаттың  эпицентрінде  тұрды, сондықтан  оған  ерекше  назар  аударылды.
Осының  барлығының  негізі  болды, бəрінен  бұрын, үлкен  территория, керемет
табиғи  байлықтар, халықтың  полиэтникалық  құрамы, бұрынғы  КСРО-ның
ядролық потенциалының қомақты үлесі.
Қазіргі  кезеңде  Қазақстанның  тəуелсіздігін 120-дан  аса  мемлекеттер
мойындап  отыр, олардың  көбісімен  дипломатиялық  қарым-қатынастар
орнатылған, 50-ден  аса  шетелдік  елшіліктер, 20-дан  аса  халықаралық  жəне
ұлттық ұйымдардың өкілдіктері қызмет етеді, Республика БҰҰ мүше болды.
Қазақстанның  сыртқы  саяси  бағыты  беделді  халықаралық  ұйымдар  мен
форумдардың  бірқатар  құжаттарында, жекелеп  алғанда, БҰҰ  Жарғысында,
1970 жылғы  халықаралық  құқық  принциптері  туралы  декларацияда, 1975
жылғы  Европадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  бойынша  Жиналыстың
қорытынды  актісінде  бекітілген  халықаралық  қатынастардың  негізгі
принциптерін сақтауға бағдарланған.
Құжаттарды  талдау  халықаралық  актілерде  мəселе  он  қағида  туралы
екендігін дəлелдейді:
Егеменді теңдік қағидасы:
1. Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидасы.
2. Халықаралық ынтымақтастық қағидасы.
3. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы.
4. Күш қолданбау жəне қоқан-лоқы көрсетпеу қағидасы.
5. Шекаралардың бұзылмауы қағидасы.
6. Мемлекеттердің территориялық бүтіндігі қағидасы.
7. Халықаралық дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу қағидасы.
8. Ұлттар мен халықтардың өзін өзі анықтауы қағидасы.
9. Адам құқығы мен басты еркіндіктерін құрметтеу қағидасы.
Қазақстанның  сыртқы  саясатының  басты  бағыттары  Н. Назарбаевтың
«Қазақстанның  егеменді  мемлекет  ретіндеқалыптасуы  мен  дамуының
стратегиясы» атты  еңбегінде  анықталған: «ТМД», «АТР» (Азия  үштігі),
«Азиаттық», «Европалық», «Американдық». Қазақстанның  сыртқы  саяси
бағыты  кез  келген  басқа  мемлекеттердегідей, ұлттық  қызығушылықтарға
негізделеді. Геосаяси  жағдайға, экономикаға, əскери  потенциалға, этносаяси
құрамға  орай, біздің  еліміз  дүниежүзілік  дипломатияда  қабылданған  саяси
құралдарға сүйенеді.
Осы  орайда  стратегиялық  бағыт  болып  территориялық  жағынан  жақын
«көршіміз» Ресеймен  өзара  қарым-қатынасымыз  табылады, бұл  мемлекетпен
қызығушылықтарымыз да көп жағынан сəйкес келеді жəне қарым-қатынасымыз


102
екі  елдің  даму  тарихы  кезінен  қалыптасқан. Теңқұқылы  жəне  сенімді  қарым-
қатынастарды  дамыту  мен  нығайту  Қазақстанның  тəуелсіздігі  мен
территориялық бүтіндігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.
Қазақстан  орта-азиялық  мемлекеттермен  интеграциялық  процестерді
белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Жанар-жағар май-энергетикалық кешенге
бірігу  аймақтағы  барлық  мемлекеттерді  жанар-жағар  майдың  барлық
түрлерімен  толық  қамтамасыз  етуге  жағдай  жасайды, сонымен  қатар  табиғи
шикізат  пен  біріккен  инвестиция  негізінде  еркін  бəсекелі  өнімді  өндіруді
ұйымдастыруға  мүмкіндік  беретін, сенімді  экспорттық  жəне  жинақталған
өндірістік потенциал пайда болады.
«АТР» (Азия үштігі) бағыты - ол Пекин - Сеул - Токио Оңтүстік-Шығыс
Азияның  басқа  елдеріне  шығу. Оның  маңыздылығы  ол  алғы  шептегі
технология  елдері  екендігімен  анықталады, олар  ірі  көлемді  инвестиция
мүмкіндігімен  несие  көздерін  білдіреді. Осы  аймақ  болашақта  біздің  өнімнің
жəне  Қазақстандағы  бірқатар  жобаларды  жүзеге  асыру  үшін  жұмысшы
күштерді тартудың өткізу нарығы болуы мүмкін.
«Азиялық» бағыт  Түркиямен, Иранмен, Үндістанмен, Пакистанмен  жəне
Азияның  басқа  да  мемлекеттерімен  ынтымақтастықты  көздейді. Азиялық
саясатта  басым  орынды  қауіпсіздік  мəселесі  иеленеді. Осыған  байланысты
Қазақстанның  Азиядағы  сенім  шегі  мен  өзара  əрекет  мəселесі  бойынша
Кеңесуге шақыру туралы инициативасы нақты саяси контурға ие болады жəне
халықаралық өмірдің шынайы факторына айналуда.
«Европалық» бағыт  стратегиялық  болып  табылады. Бұл, ең  алдымен,
Европаның əлемдегі ірі саяси, экономикалық жəне мəдени орталықтарының бірі
болып  табылатындығымен  жəне  Қазақстан  Азия  мен  Европаның  арасында
орналаса отырып, европалық мемлекеттерді үміт күттіретін серіктестер ретінде
қарастыратындығымен  негізделеді. Европалық  Одақпен  ынтымақтастық
инфрақұрылымды  жəне  мамандарды  оқытуды  дамыту  мақсатында  несиелер,
техникалық көмек алу мүмкіндігін береді.
«Американдық» бағытты сондай-ақ стратегиялық ретінде де қарастыруға
болады. Қазақстан-американдық қатынастар саясат жəне экономика аумағында
серіктестік деңгейіне шықты. Сауда - экономикалық ынтымақтастық саласында
бірқатар  келісімшарттарға  қол  қойылды, атап  айтсақ, Қазақстан  АҚШ
саудасында  елдің  неғұрлым  қолайлы  жағдай  мəртебесіне  ие  болған  Сауда
келісімі.
Осылайша, Қазақстанның сыртқы саясаты қалыптасу кезеңінен сəтті өтіп,
жаңа  тарихи  жағдайлардағы  мемлекеттік  саясаттың  бөлінбейтін  элементі
ретінде  нық  орнықты. Қазақстанның  əлемдік  қоғамдастықтағы  орны  мен
дүниежүзілік  саяси  процестегі  оның  рөліне  қатысты  жоғарыда  қойылған
сұраққа жауап беретін болсақ, біздің президенттің Қазақстан əлемдегі геосаяси
жəне геоэкономикалық тенденцияларға ықпал ете алатын, ірі аймақтық держава
мəртебесіне таласа алады деген пікірімен келісуге толық негіз бар.


103


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет