98
принциптері жүзеге асатын, мемлекеттер арасындағы, мемлекеттік ұйымдар
арасындағы, партиялар, түрлі мемлекеттердің жекелеген тұлғалары арасындағы
интеграциялық байланыстардың жиынтығы ретіндегі орта болып саналады.
Халықаралық (əлемдік) саясат дегеніміз соғыс пен бейбітшілік, ортақ
қауіпсіздік, жаһандық, аймақтық жəне ұлттық қақтығыстарды реттеу, қоршаған
ортаны қорғау, бүкіл адамзаттық тірі қалуы, артта қалушылық пен
кедейшілікті, аштық пен ауруды жеңу, əлемде əділетті тəртіпті орнату сияқты
мəселелерді шешуге жəне адамдардың қызығушылықтарына байланысты
халықаралық құқық субъектілерінің мақсатқа бағытталған саяси іс-əрекеттерін
білдіреді.
Саясаттың халықаралық қатынастардағы жетекші ролі
мыналарға шартты
негізделген:
а) дүниежүзілік саясат субъектілері барлық қоршаған əлемге ықпал ете
алатын керемет мүмкіндіктер мен қорларға ие, олар саяси тəрізді, саяси емес те
халықаралық процестерді басқарудың күшті тетігіне ие;
б) халықаралық
қатынастар
жаһанданудың
нақты
көрінетін
тенденциясына ие, ол реттеуші халықаралық саяси механизмдерді жетілдіруді
талап етеді.
в) заманауи ядролық кезең адамзаттың қауіпсіздік жəне өмір сүру
проблемаларын ерекше орынға қояды, ол əлемдік саясаттың басты бағытын
анықтайды;
г) заманауи əлем бір уақытта қарама-қайшы жəне бірлікте, өзара
байланысты жəне өзара тəуелді.
б) дамушы елдерде (Азия, Африка, Латын Америкасы) қарама қарсы
процесс байқалады - демографиялық жарылыс, ол бір жағынан, жұмыс күшін,
еңбек ресурсының артуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан, экономикалық
артта қалушылықты жеңу үшін күрестегі қосымша қиындықтарды тудырады,
көптеген əлеуметтік мəселелерді шешуді қиындатады (жұмыссыздық,
зейнеткерлікпен қамтау, сауатсыздық жəне т.б.). Мазалайтын басты мəселе
демографиялық жарылыс емес, дамушы елдерде сақталып қалған қолайсыз
əлеуметтік-экономикалық жағдайлар, артта қалушылықты жеңбей жатып,
халық санының артуы оларды одан да үлкен қайыршылыққа, кедейліктің
артуына əкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: