91
біреудің бірдеңеге құқығын иемденіп алудан) қорғанысты қамтамасыз етеді.
Оның мəні биліктің үш негізгі тармағының, яғни заң шығару, атқару жəне сот
билігінің құзырын шектеуде.
Осылайша, саяси технологиялар - олар саясат саласында қалаған
нəтижелерге қол жеткізу мен саяси процестің тиімділігін жоғарылатуға
бағытталған саяси жүйелердің қызметтерін жүзеге асырудың неғұрлым
мақсатқа сай, ойға қонымды процедуралардың, əдістердің, тəсілдердің
жиынтығы.
Саяси технологиялардың құрылымына үш негізгі құраушылар кіреді:
арнаулы ерекше білімдер; əрекеттердің нақты тəсілдері, процедуралары мен
əдістемесі; сондай-ақ түрлі техникалық-ресурстық құраушылары.
Сол немесе басқа да тəсілдер мен процедураларды қолдану объективті
жəне субъективті факторларға тікелей тəуелді: атқарушы субъектілердің
жағдайына, міндет шешіліп жатқан нақты жағдайларға, əлеуметтік қабаттардың
ақыл-ой шабытына, саяси мəдениет деңгейіне.
Іс-əрекеттердің нақты əдіс-тəсілдері саяси технологиялардың мазмұнына
ықпал ететін кез келген қорлардың, мамандық құрылымдардың, əрекет етуші
тұлғалардың техникалық жабдықталуына тікелей тəуелді.
Саяси технологиялар екі құраушының, яғни қойылған мақсатқа қол
жеткізудегі стратегиялар мен тактикалардың диалектикасымен əдістемелік
тұрғыдан бөлінген. Аталған саяси технологиялардың қайсысын қолдану саяси
басқару тиімділігін, саяси
процестерді реттеуді, саяси жүйенің жəне бүкіл саяси
кеңістіктің тұрақтылығын анықтайды. Саяси технологиялар қоғамдық даму
түрімен (онда эволюциялық немесе төңкерістік процестердің басымдығымен),
тəртіп сипатымен «демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық) анықталады.
Заманауи саяси іс-əрекетте келесі технологиялар күннен күнге даму
үстінде:
- əлеуметтік серіктестік;
- лоббистік іс-əрекет;
- саяси шешімдерді қабылдау жəне жүзеге асыру; саяси шиеленістерді
шешу;
- «паблик рилейшнз»;
- сайлаушы;
- саяси басқару;
- айла-шарғы;
- имиджді қалыптастыру;
- саяси тəуекелдің оптимизациясы.
Достарыңызбен бөлісу: