Астыртын партиялар
– заң бойынша тыйым салынып, жұмысын
астыртын, жасырын жүргізген партиялар. Əдетте, олар үстемдік етіп отырған
құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етеді.
Атқарушы билік
– биліктің тармақталуы негізінде істейтін мемлекеттік
басқару орындарының жүйесі. Оған үкімет пен əкімшілік жатады. Парламенттік
республикаларда оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады.
Сондықтан атқарушы билік алдында есеп береді.
Ə
Əлеуметтік саяси ағым.
Оны жақтаушылар күштеу арқылы еріксіз
көндіретін органдарды азаматтардың еркін ассоциацияларымен ауыстырылады.
Əлеуметтік саясат
– қоғамның ең жақсы дамуын қамтамасыз етуге,
əлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға лайықты өмір
салтын орнатуға бағытталған саяси шешімдер мен іс-əрекеттер жиынтығы.
Оған ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту, жалақыны көтеру,
денсаулық сақтау, білімін көтеру, тұрғын үймен қамтамасыз ету жəне т.б.
жатады.
105
Достарыңызбен бөлісу: |