Дəрістер курсы қостанай 016 Əож 32 (042. 4)



Pdf көрінісі
бет52/84
Дата02.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#117149
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   84
Байланысты:
tursumbaev

Демократиялық  партиялар
 – басқаларға  төзімділікпен, түсіністікпен
қарайтын, пікір адалдығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға
онша мəн бермейді.
Денонсация
 – келісілген 
екі 
жақты 
халықаралық 
шарттың
бұзылғандығын  мəлімдеу. Əдетте, ол  туралы  екінші  мемлекетке  алдын  ала
ескертіледі.
Деполитизация
 – белгілі  бір  ұйым, органдардың  жəне  т.б. жұмысын
саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.
Депортация
 – жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз,
күшпен  жер  аудару. Мысалы, Кеңес  Одағы  кезінде  немістер, шешендер,
ингуштар, қырым  татарлары, месхеттік  түріктер, кəрістер  жəне  т.б. осындай
халге душар болды.
Держава
 – зор, əскери, экономикалық потенциалы бар жəне дүниежүзілік
саясат  пен  халықаралық  қатынаста  басты  рөл  ойнайтын  ірі  жəне  берік
мемлекет.
Деспотизм
 – 1) өкіметтің  толық  бассыздығына, қол  астындағы
азаматтардың  еріксіздігіне  негізделген  мемлекеттік  құрылыстың  жүйесі; 2)
жеке адамның бостандығын мейірісіз, қатал басып шаншу тəсілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет