Е
Егемендік
– мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тəуелсізідігі.
Мемлекеттік егемендік деп шетелдің араласуына жол бермейтін мемлекеттің
ішкі жəне сыртқы істері мен қатынастарындағы саяси тəуелсіздігі жəне елді
басқаруда шешімдер қабылдауда, жоғары билік жүргізудегі еркіндігін айтады.
Егемендіктің саяси, экономикалық, құқықтық жақтары болады.
Еуропарламент
– Еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын
мемлекетаралық саяси мекеме. Оған кіретіндер: Бельгия, Германия, Дания,
Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланды, Португалия,
Ұлыбритания, Франция. Ол бес жылда бір рет осы елдер халықтарының тура
дауыс беруі арқылы сайланады. Оның мəжілісінде Еуропа құрлығының
дамуына байланысты негізгі мəселелер қаралады.
Еуроцентризм
− ғылым, білім, мəдениет, əдебиет, өнер жəне т.б. нағыз
жетістіктері тек Еуропада ғана дамыды деп дəлелдеуге тырысатын ғылыми
тұжырым.
Достарыңызбен бөлісу: |