109
отаршы елдердің тəуелсіздігін алған мемлекеттерді экономикалық, саяси,
əскери, мəдени, идеологиялық жəне т.с.с. əдіс-тəсілдерді шебер пайдалану
арқылы
өз ықпалында ұстау, ісіне араласу, қысым жасау саясаты.
Жаңарған консерватизм (неоконсерватизм)
– бұрынғы қалыптасқан
дəстүрлі қазыналар мен арман – мұраттарды сақтап, оларды өмірдің бүгінгі
талабына сай жаңғыртуға тырысқан. Батыс саясаттану ғылымындағы ағым. Ол
біздің ғасырымыздың 70-жылдарының екінші жартысында пайда болған.
Белсенді өкілдері: Д. Белл, И. Кристони, С. Липсет жəне т.б.
Жаңарған либерализм
(неолиберализм) – дəстүрлі либерализмнің
қағидаларын сақтап, оларды XX ғасырдың жаңа талаптарына сай өзгертуші
идеялық – саяси ағым.
Мысалы, бұрынғы либерализм мемлекет экономикаға араласпасын
дейтін. Қазір əлеуметтік – экономикалық жəне т.б. мəселелердің кейбір
жерлерін мемлекеттің реттегенін жөн көреді.
Мемлекеттің бюрократиялануына, адамның жеке өміріне араласпауына
жəне т.с.с. қарсы шығады.
Достарыңызбен бөлісу: