Г
Геноцид
– адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына
байланысты əдейі қыру немесе қудалау.
Геосаясат
– сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа
райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат.
Геронтократия
– ақсақалдық билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл
түрі алғашқы қауымдық қоғамға тəн. Сонымен қатар, үкімет билігі жасы келген
адамдардың қолында тұрған мемлекеттерге де байланысты айтылады.
Глобальдылық
– бүкіл жер шарын қамтитын, əлемдік мəселелерді
шешуге арналған ғылыми бағыт.
Гуманизм
– қайта өркендеу дəуірінде дін мен (феодалдық) феодализм
құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен əлеуметтік
қозғалыс. Саяси салада адамдардың əлеуметтік-экономикалық, саяси
көзқарастар, идеялар жүйесін білдіреді.
107
Достарыңызбен бөлісу: |