тар мағынада
немесе оларды қосып,
кең мағынада
қарастыру керек
пе деген дүние жүзі фразеологтарының «басын қатырған» əйгілі айтыс
əлі жүріп жатыр. Бірақ соңғы кезде орыс фразеологиясы (В.Телияның
зерттеуінде) тілде тұрақты компоненттермен айтылатын жəне аударуға
сөзбе сөз келмейтін (əсіресе машиналық аударма) тіркестің барлығы
фразеологияның объектісі болу керектігіне ден қояды.
11
4
Тұрақты тіркес (устойчивые сочетания) деген термин мақал-мəтелдерге
де, фразеологизмдерге де қатысты жалпы атау. Бұл олардың тұрақты
қолданысына қарай берілген ұғым. Мақал-мəтелдерді паремиологиялық
қорға жатқызса, фразеологизмдерді фразеологиялық қорға жатқызады.
Сонда тұрақтылықтарына қарай ғана бір атаудың аясында аталып жүр.
Біздіңше, тілдік талдау барысында мақал-мəтелдер мен фразеологизмдер
осы ерекшеліктеріне қарай бірге талданады. Бірақ ешуақытта мақал-
мəтелдер фразеологизм деп аталған емес.
Оқулықтарда фразеология өкінішке орай, лексикология саласының
ішінде танылып, талданып келеді. Сол себептен əлгі айтылған талас
мəселесінің шешілуі əлі көп дəлелдеуді қажет ететін, жаңа ғылыми ой
айтатын жаңа бағытты көрсететін зерттеу нысандарының болмауынан
қазақ фразеологиясы да тоқырау кезеңін бастан өткізді.
Мақал-мəтелдердің танымдық-прагматикалық негіздері фразео-
логизмдер сияқты өзінің сарқылмас байлығын ұлт тіліндегі бейнелі
сөздер мен шешендік өнердің сарқылмас қазынасынан алады. Бұл
мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің арақатысының өзара терең
байланысын көрсетеді. Кез келген тілде бұлар қатарласа келіп, ойдың
қисынын қиюластырады, сөздің мəнерлілігін арттырады, сөйлеушінің
тіл байлығын көрсетеді, шеберлігін ұштайды.
Мақал-мəтелдер мен фразеологизмдер қолданыс ыңғайында үнемі
қатар жүретіндіктен, əсіресе тұлғалық жағының ұқсастығынан ойды
бейнелі мағынамен жеткізуде бір-бірімен астасып жатады. Əдетте мақал-
мəтелдер ұзақ уақыт бойы өмір тəжірибесінен екшеліп, ойлау процесінде
сұрыпталып барып қалыптасады. Сондықтан мақал-мəтелдердің пайда
болуына ұзақ уақыт өтеді. Тілімізде фразеологизмдер түрлі ситуацияға
қарай сөйлеу үстінде аяқ-астынан пайда болады. Егер айтушы, сөйлеуші
(адресант) өзі естіген, ұнаған фразеологизмдерін неғұрлым жиі-
жиі қолданатын болса, онда естуші, қабылдаушы (адресат) тіркестің
тұрақталуына да соғұрлым ықпал етіп, келесі кезекте сол тіркес басқа
адресантттың қолданысына ие болады,
Мысалы,
арам өлу
– малдың бауыздалмай тұрып, өліп кетуін су-
реттейтін тұрақты тіркес. Мұсылман заңы бойынша малға бата жасап,
аяқтарын буып бауыздап барып сояды. Сонда бұл малдың еті жеуге жа-
рамды деп есептелінеді. Ал өзінен-өзі өліп қалған малды арам өлген деп,
жеуге жарамсыз етіп пайдаланбайды. Демек бұл тіркес бұрыннан бар,
11
5
мал баққан халыққа етене таныс жағдай. Тұрақты қолданыста бар тіркес
енді
Достарыңызбен бөлісу: |