Қорқыт, Майқы би, Аяз би, Абылайхан, Жиренше шешен т.б. кісі ат-
тары тарихи фразеологизмдердің жасалуына ықпал болды.
Тарихи деректерге қарағанда 8-ғасырда өмір сүрген Қорқыт желма-
ясымен дүниенің төрт бұрышын кезіп, қобызын күңірентіп, өлімнен
қашқаны, қайда барса өзіне қазылып жатқан көрді көретіні туралы
ел аузында қалған, жұртқа мəлім
қайда барсаң да, Қорқыттың көрі есте жоқ ерте кезден қалған бір ауыз сөз əйтеуір Қорқыт баба туралы
ел аузында бір дерек қалдырды. Фразеологиялық мағынасы – жолы
болмау, яғни қайда барса да алдынан əлдебір кедергі тұрады. Мұндай
тіркестердің шығу көзі – кезінде түрлі аңыздық сипат алған ертегілер мен
ел аузындағы əңгімелер – ауыз əдебиеті арқылы жеткен халық санасында
сақталып қалған үлгілері.
Аяз би əліңді біл, құмырысқа жолыңды біл (асып-тасып кетіп, өткен
күніңді ұмытпа, өз орныңды біл) тіркесі, сондай-ақ шешендік өнер
əңгімелеріндегі Жиреншенің байлардан қандай сый-құрмет көрсе де,
жатса сирағы сыртына шығатын өзінің жаман лашығына келіп,
қайран өз үйім, кең сарайдай боз үйім деп жантаятыны туралы ел аузында ұдайы
қайталанып айтылуы – тарихи есімдердің ұмытылмай сақталуының бір
кепілі.
«Тіл – мəңгіліктің мəңгілігі» дейтін Ғ.Мүсірепов аксиомасы – уақыт
озған сайын тіл өз диалектикасымен тарих беттерінде тапылжымай қала
беретінінің айғағы.
Қазақ ономаст ғалымдары Т.Жанұзақ пен Қ.Рысберген: «Антро-
понимдік жүйенің қызметі əрбір қоғамның əлеуметтік-экономикалық
жəне мəдени өресінің дамуымен ұштасып жатады. ...Тіліміздегі кісі
аттары қоғамның даму кезеңі, оның мəдениеті мен этнологиясы, са-
яси экономикалық күй-жайы, қоғамдық құрылысы жөнінде қыруар
мағлұматқа ие келеді» – дейді. (2004, 43).
Тарихи адамдардың есімдеріне байланысты