123
Халық қашанда өзі сүйіп, құрметтеген өнер адамдарының ерекше
қасиеттерін есіміне қоса айтып, қатты қастерлеген. Мұндай есімдер өте
көп-ақ. Бірақ ел аузында көптің бəрі емес, бірегейі ғана жиі қайталанып
айтылып жүреді. Сондай мысалдардың ішінде соңғы кезде қалыптасып,
таралып кеткен Абай, Жамбыл, Күлəш т.б. сынды біртуар жандар тіп-
ті халық батасының ішінен орын алды. «Жамбылдың жасын берсін,
Абайдың басын берсін, Сəкеннің сəнін берсін, Күлəштың əнін берсін»
дейтін ақ бата, тілектер де ел аузында жиі айтылады. Бұл да болса өсер
ұрпағына осылардай елінің елеулісі, халқының қалаулысы болып өссе
екен деген игі тілек пен тəрбиелік уағыз дарыса екен деген үміт, ізгі ой,
ниеттен туған тіркестер.
Тарихи оқиғаларға қатысты туған тұрақты тіркестердің өзі тұтас
ұлт тарихын, оның бастан кешкен оқиғаларын баяндайды.
Ақтабан
шұбырынды алқа көл сұлама
– жоңғар шапқыншылығы кезінен қалған
болса,
сын сағат
– Ұлы Отан соғысы тұсындағы қиындықты бағалаған
тіркес еді. Сондай-ақ сол кезде соғыста қайтыс болған немесе хабарсыз
кеткен қазақ азаматтарына келген қаралы қайғыны естіртетін (извеще-
ние о смерти) қағазына халық
қара қағаз
деп ат қойды. Бұл тіркес соғыс
жылдарында аса жиі қолданылды, фразеологизмге айналды. Бертін келе
көркем əдебиет мысалдарында ұшырасатын болды. Ал
қара тізім, қара
тізімге іліну
сияқты тіркестер 37-жылдардағы репрессия кезінде жиі
айтылғанымен ел басына төнген тағы бір қатерден белгі боп қалды.
Достарыңызбен бөлісу: