Монография «Елтаным баспасы»


Ал тарихи фразеологизмдерде ақпараттық мəн ба-



Pdf көрінісі
бет128/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер

 Ал тарихи фразеологизмдерде ақпараттық мəн ба-
сым болады.
Мұнда кез келген тіркестің фразеологиялық мағынасында 
«неге осылай айтты екен» дейтін ішкі ой мазмұнында тыңдаушы мен 
айтушының білім өресін сынап алатын тұстары жетерлік. Демек кім 
өз елінің өткен-кеткен тарихын жақсы білсе, қай ортада болса да, тіл 
үшін, тарих үшін, мəдениет үшін таптырмас білімнің қайнар көзі болмақ. 
В.М. Мокиенконың пікірін келтіре кетсек: «... концептная информация 
добывается фразеологами прежде всего на основе 
исторической фра-
зеологии
, т.е. погружением во внутренюю форму фразеологизма» [2008, 
с. 20].
Лингвомəдениеттану ғылымының зерттеу нысандарының бірі пре-
цедентті жалқы есімдер. „Прецедентті атау дегеніміз – халық үшін 
нақты құндылығы бар, кеңінен танымал көркем шығармамен, тарихи 
есіммен, саяси тұлғамен, географиялық реализммен, сонымен қатар тіл 
иелеріне кеңінен танымал қатынастарға, нақты оқиғаларға байланыс-
ты қолданылатын жəне қабылдаушы танитын жеке есімдер« [Мəдиева, 
2005, 145].
Ұлт тілінде белгілі себептермен ел аузында жиі-жиі қайталанатын 
атақты қазақ есімдері бар. Сол есімдермен байланыстыра айтылып 


121
жүрген тұрақты тіркестер қазақ халқының тарихында əр түрлі қоғамдық 
дəуірлерде болған оқиғалардың жайын толық айқын айтып бере алады. 
Мəдени-тарихи жағдайлар кейде бір ғана атақты кісі есімімен-ақ, сол 
ұлтқа қатысты маңызды талай сырды аңғартып, коннотациялық мəнге 
ие болады.
Мəселен, қазақ тілінде əріден келе жатқан белгілі кісі есімдері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет