Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет125/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер


ТАРАУ
Фразеоло
гизмдердің когнитивтік-мəдениетанымдық 
пардигмалары
4.1 Тарихи фразеологизмдер – тіл арқылы 
мəдениеттанудың құрамды бөлігі
Жер бетіндегі ұлттар мəдениетінің бір-біріне ұқсамайтыны заңдылық. 
Бұл əсіресе адамдардың қарым қатынасынан, өмір сүру формалары-
нан, тіпті гендерлік ерекшеліктерінен де анық байқалады. Мұндай 
өзгешеліктер олардың тілінен көрініс табады, тілінде жақсы сақталады. 
Сондықтан да қазіргі тіл ғылымындағы зерттеулер антропоцентрлік 
бағытта мықтап өріс алды. Тіл адамдардың іс-əрекетінен тыс дамым-
айды, адамды тілі арқылы тану, білу, зерделеу оның этноментальдық 
өмірінен толық ақпарат береді.
Тілдік ұжым мүшелерінің таным-білімі өркениет пен мəдениеттің əр 
түрлі кезеңдерінен өткен сайын ақиқат дүниені тек логикалық-позитивтік 
қана емес, этикалық-моральдық, менталдық тұрғыдан да таныта алады. 
Бұл ретте тілде қалыптасқан тұрақты тіркестерді – мақал-мəтелдер мен 
фразеологимдердерді когнитивтік тұрғыда зерттеу еңбектері енді қолға 
алына бастады.
Əлем бейнесін тіл арқылы бейнелеуде концепт ретінде танылған 
ұғыммен мағыналық байланыста тұратын этнографиялық атулардың 
тұрақты тіркестердің – мақал-мəтелдер мен фразеологизмдердің маңызы 
ерекше.
Дүние жүзі халықтары кез келгенінің өз ұлтының тарихын жасауда 
мəдениет тұрғысынан азды көпті алатын еңбегі бар. Тарихи даму са-
тысында түрлі дүбірлі дəуірлер елесі сол ұлттың өз тілінде сақталып, 
сөздер мен тұрақты тіркестері арқылы келер ұрпақына жетеді. Адамзат 
қоғамы сатылап дамыған сайын өшпейтін ұлт тілінде сандаған тарихи 
оқиғалар, тарихи есімдер, тарихи жер-су аттары тұрақты айтылатын, 
қалыптасып кеткен əлде бір мақал-мəтелдер, фразеологизмдер, нақыл 
сөздер сияқты тұрақты тіркестер мазмұнында жаңғырылып қайталанып 
отырады. Білетін жұрт мағынасына мəн беріп, естіген, жадында қалған 
тұстарын əңгімелеп, «сол кезден қалған сөз еді» немесе «сол айтқандай» 


11
8
деп, əлде бір іс-оқиғаға нəтижесінен ішкі ой арқауын түйіп тастауға бейім 
болады. Келер ұрпақ үшін өз ұлтының бастан кешкен оқиғалары бертінде 
тарих қатпарларында шаң басып, елеусіз қалмауына, қайта көпшіліктің 
назарын аудартып, əлде бір болған оқиғалардың халық үшін ұмытылмай, 
қайталанып айтылып жүруі сол ұлттың тілінде сақталып қалған сөздер 
мен тұрақты тіркестеріне байланысты. «Ойды ой қозғайдының» əсерімен 
не бір өткен өмір елесі бекерден бекер ел-жұрт есінде сақталмайды. Алды-
мен ол қоғам дамуындағы болған оқиғалардың із-түзссіз жоғалып кетпе-
уіне себепкер халық сөзінің қалт айтылмауында. Ел басынан өткен түрлі 
қиындықтың ұдайы болып отырған соғыс, ашаршылық, босқыншылық, 
тынымсыз тіршіліктің кейбір өмірінен туатын қайшылықтардан шығатын 
қақтығыс оқиғалар т.б. адамдар санасында қалдыратын өшпес əсерлері 
халық тілінде өрнекті сөздермен бейнеленіп, тұрақты айтыла келе, тілде 
сақталып қалып қояды. 
Қазақ фразеологиясы проблемаларының бірі – этнолингвистикалық 
сипаттағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет