11
9
өшірет», бұрынғы Кеңес заманындағы халықтың өмір сүру мəдениеті,
қазіргі кездегі «нарық – нарыққа болдық қарық» т.б. халық аузында ай-
тылып жүрген тіркестер жайдан жай тумайды. Əр қайсысында сол ұлт
өмірінің бастан кешкен тарихи өмірі жатыр. Тарихи фразеологизмдерді
тақырып жағынан үшке бөлуге болады:
1. Тарихи есімдерге байланысты туған фразеологизмдер.
2. Тарихи оқиғаларға қатысты жасалған фразеологизмдер.
3. Тарихи жер-су аттары кездесетін фразеологизмдер.
Аталған фразеологизмдер – ұлт тіліндегі фразеологиялық қордың
таңбаланған, ерекше мазмұндық сипаты бар тұрақты тіркес түрлері.
Тіліміздегі тұрақты тіркестердің шығу тегі мен жасалу жолдарын анықтау
барысында аталған тарихи фразеологизмдердің орны ерекше. Біріншіден,
тіл білімінің лексика-фразеологиялық саласында айтарлықтай ғылыми
ізденіске бара алатын тіл арқылы мəдениеттануда тілдік фактілері мол.
Екіншіден, фразеологизмдердің өзіндік даму жəне қалыптасу кезеңіне
міндетті түрде қоғамдық дəуірдің түрлі даму сатылары қатыспай тұра
алмайды. Олай болса, бір бірімен тығыз байланысты
Достарыңызбен бөлісу: