124
Сондай-ақ, аты аңызға айналған əулие, пір тұтқан ел есіндегі есімдер:
«Маңғыстауда – пір Бекет», «Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – Бе-
кет», «Адай қорықса Бекет дейді, Бекет те айқандарын екі етпей-
ді».
Бұл мысалдардың барлығы 17-18 ғасырда Маңғыстау өңірінде өмір
сүрген əулие, ұстаз жəне шеберлігімен, батырлығымен даңқы асқан Бе-
кет Мырзағұлұлына қатысты айтылған халық бағасы.
Ел мен жер, туып өскен өлке тарихы да ұлт мəдениетінің алыс, тіпті
елеске айналған қабаттарынан дерегі мол дүниені əкеледі. Тіл мəдениеттің
барлық салаларына қатысты. Ұлт мəдениетінің ертедегі қалпын зерделей
алғанда ғана, бүгінгі дəуір мəдениеті туралы, дəстүр жалғастығы тура-
лы пікір айтуға болады. Мəдениеттің сонау рулық, тайпалық, халықтық
сатысынан бері қарай жалғастығын табуға себепші болған нəрсе – тек
ұлт тілі. Олай болса, «ə
ркімнің туған жері – Мысыр шаһары» (əркімнің
туған жері бір Мысы)
тіркесіндегі ой астары тек туған жерге ғана құрмет
қана емес, мəдени алыс-берістің географиялық кеңдігі.
Алыс, қашықтық ұғымында айтылатын – «
Барар жерің Балқан тау,
Ол да біздің барған тау»
– тарихи оқиғаның дерек көзі. Шын мəнінде
Балқан тау адам аңсаған арман жер емес, керісінше Шыңғыс ханның
жаугершілік заманында бас сауғалаған қазақтар Түркіменнің Небит-дағ
қаласының екі жағындағы Үлкен Балқан, Кіші Балқан тауларына дейін
барған деген аңыздан туған тұрақты тіркес.
Қазақ ұлтына етене жақын айтылытын тіркестердің бірі – «
Күлтөбенің
басында күнде жиын»
. Болсын болмасын, құдайдың құтты күнінде жиын,
мəжіліс құра бергенді жақтырмай айтады. Бұл тіркестің шығуына да ер-
тедегі тарихи оқиға себеп болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда
Достарыңызбен бөлісу: