Монография «Елтаным баспасы»


Қазақ фразеологиясында фразеологизмдерге қатысты ең басты



Pdf көрінісі
бет13/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер

Қазақ фразеологиясында фразеологизмдерге қатысты ең басты 
терминдерінің өзінде бірізділік болмай, қазақ тіл білімінде түрліше 
аталып жүр. Бұл жайт жан-жақты талдауды қажет етеді.
Тіл білімінің қай саласында болмасын қолданылатын терминдер іші-
нара ортақтығымен қатар, өзіндік зерттеу нысанына қарай ерекшеленіп, 
атаулары да басқа болып келетіні заңдылық. Лингвисткалық терминдер 
бір тамырдан сөз немесе атау ретінде таралса да, ол өсу, даму, толығу ба-
рысында жаңа бағыт, мағыналық сипат алып, салалық терминологиядағы 
қызмет аясымен ерекшеленеді. Мəселен, лексикологияның барлық 
терминдерін түгелімен фразеологияға телуге болмайды. Əрине, 
фразеологияның түрлі зерттеу бағыттарында жалпы аталымдар өзге 
де терминдер сияқты бірдей болып жатады. Мысалы, фразеологиялық 
синонимдер, варианттар, антонимдер, компоненттер, этимология т.б. 
сол сияқты бірсыпыра аталымдар ортақ ғылым салаларда қиысатыны 
белгілі.
Егер қазақ фразеологиясының зерттелу тарихына көз жіберсек, əрине, 
көптеген терминдер орыс тілінен ешбір өзгеріссіз алынған. Сондай-ақ, 
аударылғандары жəне калькаланғандары немесе балама түрі тəрізді 
қалыптасқандары бар . 
Алдымен ғылым саласының атауы 
фразеология
деген не сұрағына 
келсек, бұрынғы анықтамалар бойынша мұнда пəн атының екі қызметі 


10
бар болып шығады. Бірі – фразеологизмдерді зерттейтін ғылым 
саласының аты, екіншісі – фразеологизмдердің тұтас жиынтығының 
аты. Осы арада логикалық қайшылық бар сияқты. Фразеология ғылым 
саласының аты бола тұра, неге фразеологизмдердің тұтас жиынтық аты 
болуы керек?
 Logos 
грек тілінде ілім (ғылым) деген мағынаны білдіретін-
діктен, бұл арада пəнді зерттейтін ғылым саласының атында көрінуі 
тиіс. Өйткені лексикологияда сөздердің тұтас жиынтығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет