бауы берік болу ↓ î
жас балаға құтты болсын айту;
î
бір нəрсенің берік, мықты болуы;
отқа май құю ↓ î
ырым, салт;
î
дау-дамай, ұрыс-керісті өршіте түсу;
құлқыны жаман ↓ î
ниеті жаман, бұзық;
î
тамақсау, қомағай;
î
Этномəдени фразеологизмдер:
қыз қуу ↓ î
ұлттық ойын;
î
алып қашқан қызды соңынан қуу;
хан көтеру ↓ î
хан сайлау;
î
кісіні құрметтеу сыйлау;
î
Соматикалық фразеологизмдер:
басынан сипау ↓ î
еркелету, ұнату;
î
аяу, мүсіркеу;
î
мақтау (кейде кекесін мағынада жұмсалады);
тіл біту ↓ î
адамша сөйлеу;
î
кенеттен сөйлеп кету;
î
тілі шығу (ұнатпау мағынасында)
190
ü
Діни ұғымды білдіретін тіркестер:
дұғасы жібермеу ↓ î
тілеген тілектің қабыл болуы;
î
ниет еткен дұғадан мерт болу;
қыл көпір ↓ î
о дүниедегі қиямет-қайым;
î
қиын сəттің тууы;
ü
Диалектілік фразеологизмдер:
жол жүру ↓ î
сапар шегу;
î
пара беру (Қытай қазақтары тілінде);
ауыздап жіберу ↓ î
дауыстап жіберу (қарақалпақ);
î
əн салып жіберу (Манғыстау);
ü
Зоонимді тіркестер:
ордалы жылан ↓ î
жылан ордасы;
î
ұйымдасқан қылмыстық топ;
ақ сұңқар құс ↓ î
қыран құс;
î
ер-азамат (баламасы);
ü
Өлшем ұғымындары:
арасы алыстау ↓ î
жер мойны қашық болу;
î
тату адамдардың араларының алыстауы;
есік пен төрдей ↓ î
жақын, бір аттам жер;
î
бір нəрсенің келіскен əрі ұзын көрінуі;
Қазақ фразеологиясындағы көпмағыналық құбылысы қоғамның түрлі
даму үрдістеріне байланысты болса да, ұлттық ұғымға жақын, халық са-
насында əбден қалыптасқан түсініктермен үйлесім табуы керек. Əдетте
фразеологизмдер оқиға, құбылысты жан-жақты сипаттап, бейнелеуі-
191
мен прагматикалық салмағымен ерекшеленеді. Бұл ретте көпмағыналы
фразеологизмдердің семалық варианттарында үнемі толығу, тереңдеу
байқалады.