5.5 Омоним фразеологизмдер Фразеологизмдердің семантикалық парадигмаларының ішінде сирек
те болса омоним тіркестер де кездеседі.
Көп мағыналы фразеологизмдердің кейбір қатарларында омоним
тіркестердің ұшырасып отыруы тілдік факт ретінде сөздіктерге енген.
Жəне жеке-жеке реестрге алынған.
Жалпы омонимдердің пайда болуының бір жағы көпмағыналыққа
қатысты. Полисемиялы тіркестер арасында мағыналық байланыстың
үзілуінен омоним фразеологизмдер бөлінеді. Бұлар бір кезде өзара
байланыста болған, бірақ көп мағыналықтың əрі қарай ыдырау про-
цесі мен семантикалық тұтастықтың əлсіреуінен ұқсас категориялар
болып қалыптасқан. Омоним тіркестерді І.Кеңесбаев жарыса туған екі
мағынаның ең алшақ типі деген. Алайда ең алшақ типтерді тауып, мынау
көп мағыналы, мынау омоним тіркес деп тану бұлардың арасында бір
кезде аралық мағынаның болуы себепті екеуін ажыратудың қиындығы
лексикалық омонимдер мен полисемияны ажыратудың қиындығынан
да күрделі.
Омоним фразеологизм болу үшін тіркестер арасында мағыналық бай-
ланыс болмауы керек.
Мысалы: