категоризациялау
– жинақталған білім, тəжірибелерді сақтау, жапы-
лау, оларды бір жүйеге топтастыру сияқты таным əрекетіне негізделген
үдеріс.
Лингвистикалық тұрғыда грамматикалық формаларсыз сөздерді
есте сақтау қиын. Сөз – материал болса, оның өкілі даяр тіркестер.
Фразеологияның теориясында аса қажетті факторлар:
1. тіркестерде тұрақты лексемалардың болуы;
2. тұрақты грамматикалық формалардың сақталуы;
3. ассоцияцияның болуы;
33
Енді фразеологиялық құрамдағы тіркестер қандай жағдайда, қандай
негізде тұрақталады – фразеологияланады, қандай тіркестер қазақ тілін-
де тұрақты тіркестер құрайды.
Тіліміздегі мыңдаған, сансыз сөздердің бірі емес, тек таңдаулылары
ғана тұрақтану үшін есте қалады. Басқаша айтқанда, сөз тіркестерінің
тұрақты тіркестерге айналу себептері не. Қазақ тілінде қолданыста
жүрген фразеологиялық қордағы тұрақты тіркестерді талдау барысында
мынадай ерекшеліктер байқалады.
ü
Жалпы қолданыстағы тіркескен сөздердің ойды жеткізуде бей-
нелілігі мен мəнерлілігінің назар аудартатындай естуші мен айтушы
үшін құндылығы болу керек.
ü
Жалпы қолданыстағы тіркестердің сөйлеу, айту мəнерінде қысқа
айтылуға бейімділігі болады.
ü
Тіркестердің терминологиялылығы кездеседі.
ü
Жалпы қолданыстағы тіркестердің ішінде жинақталған ой
қорытындысының болуы.
ü
Сөз тіркестеріндегі фразеологиялық шектелулілерінің кездесуі.
ü
Жалпы қолданыс ыңғайындағы тіркестердің ішкі
мағыналарының жойылып кетуі.
ü
Номинативтік элементі бар тіркестер.
Бұл көрсетілген белгілер барлық тұрақты тіркестерге тəн жəне
осы аталған белгілердің біреуіне ғана ие болса да, (кейде бірнешеуі)
тұрақтанудың себептері осылар деуге болады.
Мысалы, образды – мəнерлі тұлғаларға троптың түрлері арқылқы
жасалған тіркестер жатады.
ü
Метафоралық тіркестерге:
тау толғатып тышқан тапты
,
мұрнынан шаншылу, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығу; көңіліне шайтан
ұялау; от кешіп, мұз төсену; ішкені – ірің, жегені желім.
ü
Тұрақты теңеулерге:
бес биенің сабасындай, тайға таңба
басқандай;
шақшадай басы шарадай; жау қуғандай; қасқалдақтың
қанындай; соқырға таяқ ұстатқандай.
ü
Эвфемизмдерге:
қайтпас сапар шегу; қатты кету (ұрсу);
қолды
болу; аяғы ауыр;
34
♦ Тұрақты гипербола мен литота:
темір етіктен теңгедей, темір
инеден тебендей қалу, астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі ерні көк тіреп;
қайталамалы (тавтологиялық) тіркестер:
айтып айтпай не керек, өзім
өз болғалы, ашықтан ашық;
Мұндай тіркестер эмоционалды-экспрессивті боп келеді. Образ-
ды-мəнерлі тұлғаларға дəстүрлі топтастырудағы фразеологиялық
тұтастықтар, фразеологиялық бірліктер, фразеологиялық тізбектер енеді.
Бұлардың барлығы халық жадында қайта-қайта жаңғырығып, өзіндік
көркемдік ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Көрсетілген тіркестердің
əрқайсысысы əншейін сөздерді жай таңдап алып, тіркесімділігін қолдан
жасаған жоқ, керісінше сөздердің ауыспалы мағыналарында қиялмен
елестету, салыстыру, теңеу тұр. Егер бұларды қолданыс ыңғайында
əлдеқандай бұзып айтса, ол тіркестердің мəнерлілігі мен бейнелілігі
жойылып, эмоционалдық бояуына нұқсан келеді.
Ал тілдік қолданыста қысқа айтуға бейім тіркестерге о бастан жасалу,
айтылу мəнері тəн. Мысалы:
айттым – бітті, кестім – үзілді; өзі – би, өзі – қожа; ісіп- кебу;
ə дегенше; іле-шала т.б.
Мұндай тұрақты тіркестер сөйлеу тілінде есте жақсы сақталады.
Қысқа да нұсқа, əрі ойды тез аяқтайды. Қазақ тілінде мұндай тіркестердің
өзі ішкі семантикасы жағынан əр түрлі.
Терминдік фразеологиялық тіркестерге əр ғылым саласының құранды
терминдері жатады. Мұндай терминді тіркестер екі есе тұрақты боп ке-
леді. Себебі тіркестерде терминдік қатынас болғандықтан, олардың бір
компонентін басқа сөздермен алмастырсаңыз, онда мүлде жаңа тіркес-
терге тап боласыз. Мысалы:
нарықтық қатынас – адамдық қатынас,
электрон бұлты – аспан бұлты;
Фразеологизмдер ұғым мен заттың атын атап, түсін түстемейді.
Бағалауыштық қасиетімен шындық болмысты бағалайды. Алайда даяр
қалпында жұмсалу белгісі кейбір атаулық элементі бар тіркестерге тəн.
Мысалы:
халық əні, Нұротан партиясы, Тіл департаменті т.б.
Сонымен аталған фразеологиялық тіркестердің түрлерін қарасақ,
олардың əрқайсысының тілімізде орасан зор қызметі бары айқындалады.
Сөйлеу тіліндегі адамның ішкі эмоциясы, ойының экспрессиясы,
айтушының сөзіндегі образдылық пен мəнерлілік болу керек десек,
35
онда фразеологиялық тұлғаларға жоғарыдағы аталған түрлері түгелдей
қызмет етеді. Əдетте айтушы ойын қысқа, нақты жеткізсе, онда тұрақты
тіркес тобының эллипсисті, яғни қысқа түрлері қолданылады.
Ал терминологиялық тіркестер арқылы адамдар жаңа игерілген білімін
танымдық ұғымды кеңейтудің құралы ретінде жарыққа шығарады, өз
сөздерінде нақтылықты көрсетеді.
Қорытылған ой-тұжырымдар – афористік тіркестер арқылы айтушы
өз ойын халық даналық пікірлерімен түйіндеп отырады. Мəнмəтінде
В.Виноградов топтастыруындағы тұрақты тіркестер түрлерінің барлығы
байлаулы мағыналарына қарай, айтушының түрлі ситуацияларда ойын
бейнелі, мəнерлі, əсерлі етіп жеткізудегі ең қолайлы, қажетті фразеоло-
гизмдер ретінде қолданылады.
Қазақ тілінде фразеологизмдерді функционалдық аспектісіне қарай
жүйелеуде олардың пəрменді қолданыс фактісіне қарамастан, тұрақты
тіркестер түрлері толық қамтылмай жүр деуге болады.
Демек, фразеологияның, яғни тұрақты тіркестер аясында өзіндік ере-
кшеліктерімен
Достарыңызбен бөлісу: |