асс оциацияланады . Бұл – адамның бұрын жинаған тəжірибесі негізінде
құралып, зат, құбылыстың сипаты, бейнеленуі туралы ой тұжырымының
қалыптасуы. Жалпы ұғымды толық тану үшін, жан-жақты түсіну үшін
адам санасында алғаш пайда болатын менталдық белгілер – ассоци-
ациялар. Бұл – білім жинаудың амалы десек, ассоциациалар арқылы
тану, түсіну бұрынғы тəжірибелер мен жаңа қабылданған түсініктер
арасындағы байланыс деген сөз. Содан соң санада белгілі бір сүзгіден
өтеді, яғни апперцепция жасалады, бұрынғы көрген-білгеніне қарай са-
нада қайта талданады.
Тұрақтанудың алғашы сатысында тіркесті жадыда қалдыру кезінде
сөздің сыртқы дыбысталу жағы да есте сақталады. Есте сақтау процесі
баяу күйде тұрып қалмайды. Адам өз ішкі интеллектілік мүмкіндігіне
қарай, есінде қалған тіркеске менталдық кеністік арқылы жаңа ассо-
циация іздеуі мүмкін. Оны сол ассоциациялар арқылы ұзағырақ есте
қалдырғысы келеді. Түпкілікті есте қалдыру үшін апперцепцияны байы-
тады, яғни бұрынғы көрген-білген, тəжірибесіне сүйеніп, таным-түсінігін,
қабылдауын тереңдетеді. Соңғы қайта жаңғырту процесі кезінде есті-
ген тіркестің мазмұн жəне түсінік жағын ұдайы жетілдірумен болады.
(Бұл арада метафора, метонимияның орны ерекше). Демек болашақ
концептінің жаңа белгілері уəжделу белгілеріне қызмет етеді, концеп-
туалдану үдерісі қалыптасады.
Концептуалдану – жинақталған білім, тəжірибе, бір сөзбен айтқанда
санада қабылданған
ақпараттарды қалыптастыру жəне ұйымдастыру.
Ал