30
(идиом сипатындағылар) фразеологиялық бірлік, фразеологиялық
тізбек
деген
түрлері
болса,
белгілері:
мағына тұт
астығы, тір-
кес тиянақтылғы, даяр қалпында қолданылу тұрақтылығы
. Бұлар
семантикалық топтастырудың ұстанымдарынан туындайды.
Алайда мұндай топтастыруды пайдаланудың тиімділігі барынша
пəрменді болу үшін фразеологиялық жүйенің өзіндік ерекшеліктерін-
дегі кейбір басы ашылмаған тұстарын анықтау қажет. Сөйтіп осы бел-
гілеріне қарап қана тілдегі фразеологиялық материалдар толық қамтыла
ма деген заңды сұрақ туады. Сонда аталған түрлері мен белгілеріне сай
келетін тіркестер ғана фразеология аясында қарастырылу керек пе? Олай
болса, фразеологизмдердің түрлерін еріксіз шектеуге əкелмейміз бе де-
ген ой келеді. Тіпті талас туғызып келген мақал-мəтелдер қай салада
қарастырылуы тиіс, штамп сөздер мен нақыл сөздер т.б. толып жатқан
тұрақты қолданыстағы тұрақты тіркестер түрлері қандай зерттеу ныса-
нынан көрінуі тиіс.
Фразеология лексикологияның аясында қарастырылып, оқытылып
келе жатқандықтан, көп жағдайда бұл пəннің фразеологиялық бірлік
деген терминінің аты өз затына сай түсіндірілмей келеді. Бұл ретте
лексикалық бірлік қандай тілдік теориялық зерттеуге лайық жəне қажет
болса, фразеологиялық бірлік те сондай ғылыми зерттеуге лайық жəне
тұлғалық, мағыналық ерекшеліктеріне қарай тың тұжырымдарға сұранып
тұрады. Өйткені тілдегі парадигматика мен синтагматикалық жүйемен
қатар э п и д и г м а т и к а л ы қ, яғни тілдегі туынды, ауыспалы мағына
туралы үшінші жүйені, фразеологизмдерге қатысты етіп, қазіргі заман
лингвистикасы үшінші өлшем ретінде қарастыруды ұсынады. Олай бол-
са, фразеологизмдердің зерттеу нысаны бұрынғы қалыптасқан қасаң
деңгейлерден жоғарылағаны лазым.
Қазақ тілінің сөздік қорындағы ерекше мəртебе алатын тұрақты
тіркестер тобы мен идиомдар жоғарыда аталған үш белгінің аясы-
нан шығып кететініне тілдік фактілер куə. Демек фразеологизмдерді
семантикалық белгісіне қарай топтастырсақ, онда кейбір тұрақты тір-
кестерде семантикалық белгі байқалмайтын мысалы,
халық əні, Батыс
Қазақстан т.с.с.
тіркестер қай түріне қосылу керек.
Біздіңше,
Достарыңызбен бөлісу: