қамшы болды
деген фразеологизм бар. Оның
мағынасы:
бір нəрсеге қозғау салды, түрткі болды,
итермеледі
.
Қамшы
– ұлттық мəдени лексика, құралдың атауы. Ұлттық мəдени
сөздерге жататын себебі қазақтардың бұрынғы тұрмыс тіршілігін-
де қамшының орны мен рөлі ерекше. Оның қайыс таспадан өрілген
түрлері, жасалу жолдары, сабының сапасы сияқты өзгешеліктері тек
қазақ мəдениетіне ғана қатысты. Құрал ретінде малды айдайды, атты
қамшылау үшін пайдаланылады. Демек малды əрдайым қозғалуға, тез
жүруге итермелейтін, түртетін нəрсе, зат атауы – қамшы. Ал қимылдың
аты – қамшы салу, қамшы болу. Келе-келе затты немесе құбылысты
танудың қорытындысы салыстырмалы түрде ұқсас құбылыстың атауына
көшкен. Қазақ тілінде
Достарыңызбен бөлісу: |