концепт болады.
Мəселен,
гештальт бейненің жеке-жеке белгілерінсіз тұтас
сақталғандығымен ерекшеленеді. Фразеологиялық талдауда ұйытқы сөз
жылқы болса, оны екі құлақ + жал + төрт аяқ + қыл құйрық + шабан неме-
се жүйрік деп бірден айтпаймыз. Демек, тұрақты тіркестерді бастапқыда
когнитивтік тұрғыдан қарастырғанда гештальт фразеологизмдердің
когнитивтік-семантикалық негізін қалайды деуге болады.
Когнитивтік-прагматикалық дискурста:
жылқы мінезді адам – 1.
əр нəрсеге төзімді, шыдамды; 2. айналасындағыларды менсінбей, жылқы сияқты осқырынып кететін адамның мінезі .
Бұл тіркестің жасалуы мен тұрақтылыққа жетуінде ұзақ уақыттың
бедері бар. Мұны тек жылқы малының барлық қадір-қасиеті мен бүкіл
мінезін əбден біліп, жадында сақтаған индивидтің өмір тəжірибесі мен
жинаған білімі арқылы адам мінезін түсіндіруде жанама сипаттау жүзеге
асырылып отыр. Адам өмірін метафоралық тор деп түсінсек, торды
тарқатуда мұндай гештальттар маңызды бағыт береді.
Қуанған, сүйсінген шақта айтылатын:
əйелі ұл тапқандай қуану, бөркін аспанға ату, өлгені тіріліп, өшкені жану, көзі шырадай жану ;
бір сəттік көрініс, жағдаятты сипаттайтын:
төбеден түскендей, үш ұйықтаса ойында жоқ, сап ете түсу; күнделікті өмір, тіршілік тұжырымдары:
бағы жану, ел аузына іліну, қазанның құлағын ұстау т.б. тіркестердің когнитивтік семантикасы тек
дискурста танылады.
Фразеологиялық гештальттар ойлау мен сөйлеу жағдаяттарындағы
іс-əрекеттерді қайталанатын стеоретиптік тұрғыда көрсетеді. Соған орай,
гештальт əрбір этномəдени қауымдастықтың тілдік танымының бейнел
ік-ономасиологиялық бөлігінен тұрады. Фразеологиялық гештальттың
түзілуі – процесс, себебі денотат көрінісін сипаттауға сəттік тəжірибе
мен білім жеткіліксіз. Ол үшін тұжырымдалған ой қорытындысы ке-
рек. Оған кейде бір ұрпақ ғұмыры жеткіліксіз, аздық етеді. Сондықтан
фразеологиялық гештальт астарында маңызды лингвокогнитивтік
қағидалар бар.