79
белгілері кейде ұқсас бейнелердің ассоциациясын туғызады. Осыған
байланысты бейнелілік терминіне назар аудару керек .
Бейнелілікті тілді тұтынушылардың қабылдау жүйесіне қарай
қарастырады. Бейнелілік – тілдік жүйеде фразеологизмнің құрылым-
дық-семантикалық ерекшелігін жинақтаған лексика-семантикалық ка-
тегория. Бейнелілік – менталдық құбылыс ретінде тілдік құралдардың
мүмкіндігімен жүзеге асырылатын ұғымдық-логикалық, заттық-айғақтық
мазмұн аясында біздің танымымыздағы нақты көріністер мен «бояулы»
тіршіліктің суреттері. Демек бейнелілік тілдік антропоцентрлік аясына
жатады. Тіл бірлігіндегі бейнелілік екі жақтың: адам психикасының лин-
гвокреативтік ерекшелігі жəне адам танымының экстралингвистикалық
факторларының бірігуінен пайда болады.
Бейнелілік, фразеологизмдегі бейнелілік жəне ішкі форма генетикалық
байланыста.
Бейне – бұл адам санасында нысанның аталымы бейне, сурет жəне
фрейм түрінде коммуниканттарда пайда болатын заттық-сезімдік кес-
кін.
Ал бейнелілік – фразеологизм ерекшелігі бойынша, сақтау, көз алдына
көшірме сияқты қайта келтіріп, сөйлеу процесінде қолдану. Тілдік санада
бейне, картина жəне фрейм түрінде фразеологиялық тіркес этнотілдік
сипатымен дараланады. Бейнелі-ассоциациялар потенциалы тіл-тілде
бір-бірімен жарыса жүруі заңдылық. Мұндай факторларды зерттеу əдісі
когнитивтік фразеологияның басты міндеті болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: