66
Қажетті қосылыстар алу мақсатындағы микробиологиялық трансформация
реакциялары тізбегін жүргізуге керек болатын микроорганизмдер культурасы
эмпирикалық жолмен таңдап алынады.
Қазірге кезде лимон қышқылдарының ең ірі өндірістері бойынша АҚШ (1
жылда 200 мың тонна ) жəне ТМД елдерінде (1 жылда 25 мың тонна ) өндіріледі.
Трансформацияның кейбір жағдайларында тотығу жəне гидролиз сияқты
бірнеше реакцияларды талап ететін субстрат молекуласының күрделі өзгерістері
жүреді. Жалпы органикалық қосылыстарды бактериялар, актиномицеттер жəне
саңырауқұлақтар да трансформациялауға қабілетті келеді.
Трансформациялау реакциясына негізделген өндіріс үдерісінде көмірсулар,
стериндер, стероидтар, кейбір амин қышқылдары, нуклеотидтер, антибиотиктер,
алкалоидтар, простогландиндер сияқты күрделі молекулалы заттардың жеңіл
өзгерісі қажет болған жағдайында ғана тиімді болып саналады. ТМД елдерінде
микробты трансформация көмегімен стеройдты гармондардың бірнеше түрін
өндіреді, мысалға алғанда преднизолон. Кейбір микробиологиялық өнеркəсібінде 6-
атомды спирт – сорбитті сорбоза моносахаридіне айналдырады, ал соңғысы «С»
дəруменінің алғы заты болып табылады.
Органикалық қышқылдарды медицинада, тамақ өнеркəсібінде, техникалық
мақсатта жəне əртүрлі химиялық синтезде пайдаланады. Үш карбондық қышқылдар
айналасында кездесетін барлық қышқылдарды микробиологиялық жолмен алуға
болады. Бірқатар органикалық қышқылдар айналымда түзіледі, ал қалғандары
əртүрлі ферментацияның өнімдері болып табылады. Көбінесе органикалық
қышқылдың түзілу үдерісі аэробты жағдайдағы көміртекті қосылыстардың шала
тотығуына негізделеді. Қазіргі кезде өнеркəсіптік көлемде жəне пилотты
қондырғыда 35% (изолимонды қышқыл) -100% (галды қышқылы) дейін
шығымдылығы жоғары органикалық қышқылдардың 18 түрін өндіреді, олардың
ішінен тек лимон қышқылы толық ферментация жолымен алынады. Ал басқа
қышқылдарды, микробиологиялық жəне химиялық əдістер арқылы өндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: