Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет77/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап

4.4 Гендегі мутацияларды анықтау
Болашақта генердің орналасу тəртібін анықтаудың жаңа əдістерінің ашылуы,
ағзада кездесетін мутантты гендерді анықтауға жағдай жасайды. Бұл əдістер арқылы
қатерлі ісік ауруларын алдын ала диагностикалау мүмкіндігі туылады. Қалыпты
жасушаларда осы жасушалардың өсуін қадағалайтын ақуыздардың кодтарына жауап
беретін арнайы гендер болады. Қатерлі ісік ауруларында бұл гендер өте жоғары
дəрежеде мутациялық өзгерістерге ие болады. Қалыпты гендер ісік ауруларының
дамуын басу ерекшеліктеріне (ісіктердің супрессорлық гендері) ие екендіктері
белгілі. Егерде осындай қалыпты гендер мутациялық өзгерістерге ұшыраса, олар
онкогенді немесе ісіктердің өсуін шақыратын гендер бола бастайды, өйткені ісік


118
жасушаларының үздіксіз өсіп-көбеюін қадағалап, басқара алмайтын болады.
Арнайы бағытталған гендердегі мутациялық өзгерістерді анықтау, генетикалық
материалдардағы болатын өзгерістердің табиғатын танып, ісік ауруына алып келу
себептерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Құрылымы өзгеріске ұшыраған гендерді
тез тауып алу əдістемелерін меңгеру, адам популяцияларына скрининг (зерттеу,
сараптау) жүргізу барысында, ісікке бейім тұрған ұлпаларды алдын ала анықтап,
профилактикалық шаралар қолдануға мүмкіндік тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет