28
−
үйде оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша шешімдерді
уақытында қабылдау.
Баланы үйде оқыту – отбасыдағы психологиялық ахуал, ата-аналардың
педагогпен әрекеттесуге құлшынысы
өте маңызды болып табылатын
көпаспектілі процесс. Отбасының тәрбиелік рөлі ерекше зор, себебі бұл
топтағы балалардың байланыс орнату мүмкіндіктері біршама шектелген.
Балаларды оқыту мен оңалту процесіне отбасы мүшелерін қосу үшін оларға
психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыруда көмек көрсету қажет.
Отбасыға барып жүрген педагог ондағы тәрбиенің басым түрін анықтай алуы
керек. Отбасылық психология мен педагогика саласындағы мамандар
отбасылық тәрбиенің келесі түрлерін бөледі [9]:
−
құптаушылық гиперпротекция, отбасының бар назары балада болады.
отбасы мүшелері оның барлық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға
ұмтылады. Шектен тыс қамқорлықтан ата-анасы баланың бастамашылдығын
шектейді. Сонымен қоса олар баланың болмашы жетістіктеріне, табысына
қуанады. Сол кезде бала да өз өзін жоғары бағалай бастайды.
Балада
ересектердің назарына, олардың құптауына жоғары құштарлық пайда болады.
Сондай-ақ назардың жоғары болғанының салдарынан баланың өзін өзі
бағалауы тым артып, ол ары қарай әлеуметтік өзара әрекеттесу жағдайында
расталмайды. Балаға қарым-қатынастың бұлай өзгеруін дұрыс бағалай алмайды
және жаңа жағдайға агрессиямен немесе апатиямен, бірнәрсені жасаудан
бастарту немесе невротикалық реакциялармен жауап береді.
−
басымдық гиперпротекция, ата-анасы балаға көп күш пен уақытты
жұмсағанымен оған көптеген шектеулер мен тыйымдар қояды. Нәтижесінде
баланың бағыныштылық, тәуелділік, дербестіктің
болмауы сияқты тұлғалық
қасиеттері дамиды;
−
эмоционалдық шеттету ата-анасы баланың тағдырына немқұрайлы
қарағанда болады. Немқұрайлық немесе антипатия үнемі тікелей қатыгездік
түрінде болмайды, бірақ ол балада эмоционалдық жетілмеушілік пен
агрессияны туындатып психикасына зиянды әсер етеді. Бала мен ата-ана
арасындағы махаббат, өз қадірін сезіну сияқты құндылықтарға ата-анасының
немқұрайлы қарауы баланың жекелігін, мінезінің өзіндік ерекшеліктерін
қабылдамауын күшейте түседі. Бұндай ата-аналар өз баласының
жетілмегендігінен ұялып,
адамдардан жасырады, баламен бірге қоғамдық
орындарға бармайды. Ол бала дамуының қайтадан тежелуі мен бұзылуына
соқтырады және бала мен қоғам арасында еңсерілмейтін алшақтық пайда
болады;
−
ата-ананың жоғары моральды жауапкершілігі баланың эмоционалды
қажеттіліктеріне назар аудармай, балаға жоғары талаптар қоюда көрініс табады.
Баланың жетілмегендігін қабылдамай, ата-анасы оның кемістіктерін байқамай,
мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Бұндай жағдай балада невротикалық, үрейлі-
күмәнданғыш күйлердің пайда болуына әкеледі;
−
гипопротекция (гипоқамқорлық) бала өз бетімен қалып, ата-анасы
онымен қызықпаған, қадағаламаған жағдайда болады. ата-анасы баланың
29
қажеттіліктерін, ең алдымен көңіл бөлуге, жетекшілік,
қорғаудағы
мұқтаждығын дұрыс бағалай алмайды. Осылайша, гипоқамқорлық жағдайында
тәрбиеленіп жатқан балаға отбасы тарапынан уақытында көмек пен қолдау
көрсетілмегендіктен, оның қоршаған ортамен өзара әрекеттестігі бұрмаланады.
Ал бұндай жағдай дамуында бұзылыстары бар балаларда дамудың одан сайын
артта қалып, сәйкес емес реакциялардың туындауына әкеліп соқтырады. Соған
қарамастан ата-аналар балаларының барлық қиындықтарын мектеп шешу керек
деп ойлайды.
Мектепте жұмыс істейтін қызметкерлердің пікірінше, мүмкіндігі
шектеулі (оның ішінде зерде дамуында бұзылыстары бар) балаларды
тәрбиелейтін отбасылардың көбісінде белгілі бір сипаттамалар бар [7]:
−
ата-аналар жүйке-психикалық және дене жүктемесін, шаршау, күш
түсу, үрей мен бала болашағына қатысты сенімсіздікті сезінеді;
−
бала дамуының нәтижесі, мінез-құлқы ата-аналары күткендей
болмағандықтан, олар ашушаңдық, күйініш, қанағатсыздықты сезінеді;
−
отбасы ішіндегі қарым-қатынастар (ерлі зайыптылар, басқа балалар
арасындағы қарым-қатынас) бұзылалады және өзгереді;
−
отбасыдан тыс қызметтер (таныстар қатарының шектелуі, үйреншікті
өмір салтының өзгеруі, бір отбасы мүшесінің жұмыстан шығуға мәжбүр болуы)
бұзылуының салдарынан отбасының әлеуметтік мәртебесі төмендейді;
−
дамуында бұзылыстары бар баланы, оны тәрбиелеу мен емдеудегі
отбасының күш-жігерін теріс бағалайтын қоғамдық
пікір отбасылық ахуалға
«залалды» әсер етеді.
Сол мезетте ата-аналар өз балаларының дамуына арналған қолайлы
жағдайлар жасау үшін көп күш жұмсайды. Дегенмен, көбінесе олардың
нәтижелі оқыту әдістері туралы білімі аз, кейде тіпті өз баласының
психологиялық-физиологиялық жағдайын түсінбейді, оған қалай көмектесерін,
ересек өмірге қалай дайындайтынын білмейді. Сондықтан педагог баланы
оқытумен қатар, оның ата-аналарын да түзету тәсілдеріне үйретеді, даму
ерекшеліктері туралы айтады, өз оқушысының аз да болса жетістіктеріне
назарын аударады. Психологиялық жарақаттық жағдайларды болдырмау үшін
ата-аналарға өте әдепті және ұқыпты қарап, өз тарапынан отбасыдағы
татулықты нығайтуға тырысу керек. Осындай «жылы»
қарым-қатынас
отбасындағы қалыпты психологиялық ахуалға ықпал етеді. Ал ата-аналардың
хал-жағдайындағы кез келген ауытқушылықтар міндетті түрде баланың мінез-
құлқынан көрініс табады.
Тәжірибеде жұмыс істейтіндер үйде оқыту мен тәрбиелеу процесіне
қосылу үшін баланың ата-анасы мен туыстарына дефектолог, логопед, ЕДШ
нұсқаушысы мен психологтың білікті консультациясы талап етіледі деп
санайды. Логопед тыныс алуды, ұсақ моториканы, артикуляциялық аппаратты
дамытуға ойын жаттығуларын көрсетеді; ЕДШ нұсқаушысы буындарды қалай
дамыту, бұлшықеттерді нығайту керектігін, дұрыс отыру, тұру, ата-аналар үйде
қолдана алатын емдік уқалау жасау мен бейінді дене шынықтыру тәсілдерін
үйретеді. Мысалы, ата-аналарды ерін мен тілді өзіндік уқалау техникасымен
30
таныстырған логопед сөйлеу тілін меңгеруде баланың жетістіктері, көбінесе,
оның туғандарының білім беру процесіне қаншалықты қосылғанына, мектеп
командасының толыққанды мүшесі ретінде
сезінгеніне байланысты деп
есептейді. Маман тек дыбыстарды қояды, ал оны үнемі бекіту керек. Егер
анасы шыдамдылық танытып үйде сабақтарды бекітуге уақыт тапса,
демалыстан оқуға шыққан бала өз үйренгенін ұмытпайды және педагогқа бәрін
басынан бастаудың қажеті жоқ болады.
Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін арттыру
мақсатында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен
тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналар үшін тақырыптық лекторийлерді
өткізу ұсынылады. Мысалы, олар: «Салауатты өмір салтын қалыптастыруда
ата-ананың рөлі», «Отбасындағы өзара қарым-қатынас және баланың
адамгершілік тәрбиесі», «үйде оқытылатын баланы оқыту мен тәрбиелеудегі
ата-ананың рөлі», «Баланың тілін дамыту және бос уақытын ұйымдастыру»,
«Бала өмірінің қауіпсіздік негіздері» және т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: