Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б



Pdf көрінісі
бет36/65
Дата08.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#117644
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65
Байланысты:
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

екі қаптан 

saccis dorsalis et ventralis - құралады. Оларды бір-бірінен мес қарынның сыртқы 
оң және сол бүйірлерінде орналасқан 
ұзынша сайлар 
- sulcus longitudinale dexter 
et sinister, ал қарынның алдыңгы және артқы жағындағы краниальды және 
каудальды 
көлденец сай-лар - 
sulcus cranialis et caudalis - бөліп тұрады. Қарынның 
ішкі кілегейлі қабығы бетінде жоғарыда аталған сайларға қарама-қарсы жатқан 
аттас қатпарлар - 
pila longitudinalis dextra et sinistra, pila cranialis et caudalis - 
көрінеді. Бұл қатпарлар аралығында мес қарынның 
ішкі тесігі 
- ostium 
intraruminale - болады. Мес қарынның бүйір беттерінде ұзынша сайлармен қатар, 
оң 
және сол 
қосымша сайлар -
sulcus accessorius dexter et sinister - болады. 
Бұларда ішкі кілегейлі қабық беттеріндегі 
оң 
және 
сол қосымша қатпарлар - 
pila 
accessoria dexter et sinister - сәйкес орналасады. Аталған сайлар мен қатпарлар 
олардың аралығында жатқан 
мес қарын аралшасын 
- insula ruminis - түзеді. Мес 
қарынның артқы екі бүйіріндегі ұзынша сайларға тік бағытта дорсальды және 
вентральды 
тәждік сайлар - 
sulcus coronarius dorsalis et ventralis - өтеді. Бұл 
сайларға да қарама-қарсы ішкі кілегейлі қабық бетінде 
аттас қатпарлар -
pila 
coronaria dorsalis et ventralis - жатады. Осы аталған сайлар мен қатпарлар мес 
қарынның 
каудодорсальды 
және 
каудовентральды тұйық қапшаларын 
- saccus 
cecus caudodorsalis et caudoventrflis - бөліп түрады. 
Мес қарынның алдыңғы жағындағы сыртқы краниальды сай мен ішкі 
аттас қатпар мес қарын 
кіреберісін 
- recessus ruminis және краниальды-
вентральды 
қалташаны -
recessus ventralis - бөліп тұрады. Мес қарын 


33 
кіреберісіне өңеш жалғасады. Мес карын кіреберісі жұмыршақтан мес қарын-
жұмыршақ сайы мен ішкі кілегейлі қабық бетіндегі аттас қатпар - sulcus 
ruminoreticularis, pila ruminoreticularis - арқылы бөлінеді. Бұлардың 
аралығында мес 
қарын-жұмыршақ тесігі— ostium ruminoreticulare
- жатады. 
Мес қарынның кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен 
астарланған. Кілегейлі қабықтың қарын қуысқа қараған бетінде емізікше 
бүрлер - papilla ruminis - орналасады. Эпителий астында өзіндік пластинка, 
оның астында кілегейліасты қабат орналасады. Олар борпылдақ дәнекер 
тканьнен түзілген. Кілегейлі қабықтың ет қабаты жетілмеген. Оның орнында 
тек бірыңғай салалы ет тканінің жеке клеткаларын кездестіруге болады. Ет 
қабығы сыртқы ұзынша, ішкі сақинаша қабаттардан түзілген. Бұл қабаттарды 
бірыңғай салалы ет ткані құрайды. Сыртқы сірілі қабық мес қарынның екі 
бүйіріндегі ұзынша сайларда тоғысып, үлкен шарбыға айналады. Қарынның 
вентральды қабы шарбы қапшығында жатады. 
Қой мен ешкінің мес қарындарының вентральды қабы дорсальды 
қабына карағанда ұзындау келеді. 
Жұмыршақ (сетка) - reticulum - көлемі жағынан ірі қара малда 
қатпаршақтан кіші, ұсақ малдарда, керісінше, үлкен болып келеді. 
Жұмыршақ мес қарынмен мес қарын-жұмыршақ тесігі, ал қатпаршақпен 
саңылау тәрізді 
жұмыршақ-қатпаршақ, тесігі 
- ostium reticuloomasicum - 
арқылы қатысады. Жұмыршақта аддыңғы 
диафрагмальды беті 
- facies 
diaphragmaticum
, артқы іштік висцеральды беті 
- facits visceralis және 
дорсальды жағында 
жұмыршақ иіні 
- curvatura reticeli - болады. Өңештен 
жұмыршақ қабырғасына қарай 
жұмыршақ сайы 
- sulcus reticuli - өтеді. Оның 
екі жиегінде 
оң 
және 
сол ернеулер 
- labium dextrum et sinistum - мен олардың 
аралығында 
сай түбі
- fundus sulci reticuli - болады. Ернеулердің негізін 
ұзынынан, ал сай түбін көлденеңінен орналасқан етті клетка будалары түзеді. 
Жұмыршақ сайы өңештен қатпаршаққа дейінгі аралықта спиралъ тәрізді 
бұралып жатады. Осының нәтижесінде жұмыршақ сайының оң ернеуі 
қатпаршақка өту алдында оның сол жағына ауысады. Жұмыршақтың 
кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Кілегейлі 
қабық қабаттарының құрылысы мес қарынның кілегейлі қабығына ұқсас. 
Жұмыршақтың кілегейлі кабығындағы қозғалмалы қатпарлар пішіні 
көпбұрышты 
жұмыршақ торламасын -
cellulae reticuli - түзеді. Торлама 
жиектерін 
жұмыршақ қыршалары -
cristae reticuli - құрайды. Бұл қыршалар 
мес қарынға жақындаған сайын мес қарын бүрлеріне ұқсас бүрлерге, ал 
жұмыршақ сайының қатпаршаққа ашылар алдында торламадан түзілген 
кейбір бүрлер ұзарып, мүйізденіп, 
тырнақша бурлерге - 
papillae reticuli - 
ауысады. 
Жұмыршақтың ет қабығы сыртқы (көлденең), ішкі (ұзынша) 
қабаттардан тұрады. Жұмыршақ сыртынан сірілі қабықпен қапталған. 
Қатпаршақ (книжка) - omasum - пішіні дөңгелекше келген ал-дынғы 
қарынның бөлімі. Ол жұмыршақты ұлтабармен жалғастырып тұрады. 
Қатпаршақ жұмыршақ пен ұлтабардың бір-бірінен жіңішкелеу келген 
мойны-


34 
collum omasi - арқылы бөлінетін жерінің үстіңгі бетінде орналасады. 
Қатпаршақтың да қарынның алдыңғы бөлімдеріне тән қабырғалық, іштік 
(висцеральды) беттері және дор-сальды 
иіні -
curvetura dorsalis - болады. 
Қатпаршақтың қуысы жұмыршақпен жұмыршақ - 
қатпаршақ тесігі 
- ostium 
reticuloomasicum, 
ұлтабармен 
қатпаршақ-ұлтабар тесігі 

ostium 
omasoabomasicum - арқылы қатысады. Бұл тесіктер өзара 
қатпаршақ сайы 

sulcus omasi - арқылы жалғасады. Қатпаршақтың аталған сай өтетін бөлігін, 
оның 
түбі 
немесе 
қатпаршақ негізі -
basis omasi - дейді. 
Қатпаршақтың кілегеилі қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен 
астарланған. Кілегейлі қабықтың ішкі бетінде жапырақша тәрізді жалпақ 
қатпарлар болады. Олар қатпаршақ негізімен біріге отырып, қатпаршақ 
өзегін - canalis omasi - түзеді. Бұл өзек одан әрі қатпаршақ-ұлтабар сайына - 
sulcus omasoabdomasicum - жалғасып, қатпаршақ-ұлтабар тесігінің төменгі 
жиегін құрайды. 
Қатпаршақ жапырақшалары бетінде азықты сығып ұсақтау қызметін 
атқаратын 
бүртіктер - 
papillae omasi - орналасады. Пішіні мен көлеміне қарай 
қатпаршақ жапырақшалары төрт түрге бөлінеді: үлкен, орташа, кіші және тым 
кіші. Тым кіші жапырақшалар үлкен жапырақшааралық 
қалташа - 
recessus 
interlaminares - түбінде ор-наласады. 
Қатпаршақтың ет кабығын да бірыңғай салалы ет ткані түзеді. Ол 
сыртқы ұзынша, ішкі көлденең қабаттардан тұрады. Ішкі көлденең ет қабаты 
қатпаршақ-ұлтабар тесігі қабырғасында қысқыш етке айналады. 
Қатпаршақ сыртынан сірілі қабықпен қапталған. 
Қатпаршақтың үлкен жапырақшаларының саны ірі кара малда – 12-14; 
қойда – 9-10; ешкіде – 10-11 болады. 
Ұлтабар (сычуг) - abomasum - көпбөлімді, қарынның химиялық жолмен 
азықты қорыту процесІ басталатын бөлімі. Сондықтан оны нағыз қарын деп 
те атайды. 
Ұлтабардың пішіні алмұрт тәріздес болып келеді. Көлемі жағынан ол 
ересек жануарларда екінші, ал жас төлдерде бірінші орында. 
Ұлтабардың қабырғалық (париетальды), іштік (висцеральды) 
беттері, 
улкен. 
және 
кіші иіні, денесі 
және 
түбі 
- corpus et fundus abomasi - болады. Ол 
қатпаршақтан кең қуысты болып басталып, пилорикалық бөлікке дейін 
жіңішкеріп келеді де, дорсальды бағытта сәл иіліп, он екі елі ішекке ауысады. 
Ұлтабардың пилорикалық бөлігінің он екі елі ішекке ауысар жерінде пилорус 
(қақпаша) 
қысқыш еті 
- sphincter pylori - орналасқан. Ол кіші иін жағында 
жастық -
torus pyloricus - тәрізді төмпекше түзеді. 
Ұлтабардың кілегейлі қабығы бірқабатты призма тәрізді эпителий 
тканімен астарланған. Кілегейлі қабығындағы кардиальды, фундальды және 
пилорикалық бездер қарын сөлдерін бөледі. Бұлар орналасқан аймақтар 
ішіндегі ең көлемдісі фундальды бездер аймағы. 
Кілегейлі қабықтың ішкі бетінде иірімді ұзынынан орналасқан 
қатпарлар 

plicae spirales abomasi - болады. Осы қатпарлар қатпаршақ ұлтабар тесігі маңында 
бір-бірімен бірігіп, тесік ішінде екі үлкен қатпар түзеді. Бұл қатпарлар 
ұлтабар 


35 
желкені - vela abomasica
- деп аталады. Ұлтабар желкені ұлтабар қуысында 
қорытылып жатқан азықтың кері қатпаршаққа өтуіне жол бермейді. Иірімді 
қатпарлардың саны ірі қара мал ұлтабарында – 12- 16, қойда - 13 - 15, ешкіде - 16 
- 17 болады. 
Ұлтабардың ет қабығы сыртқы ұзынша, ішкі сақинаша қабаттарынан 
түзіледі. Ұлтабардың пилорикалық бөлігіне қарай сақинаша қабаты 
қалыңдап, қақпаша (пилорус) қысқыш етін жасайды. 
Ұлтабарды сыртынан сірілі қабық қаптап, оның үлкен және кіші 
иіндерінде тоғысып, аттас шарбыларға айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет