41
ішкі жұқа сақинаша ет қабатынан тұрады. Сондықтан ішектің бұл тұсы
қалталанып
- haustra - жатады.
Бүйен (слепая кишка) - ceccum - жуан ішектің тұйық қалта тәрізденіп
басталатын бөлігі. Бүйен мен тоқ ішектің шекарасына мықын ішектің
бүйен-
тоқ ішек тесігі -
ostium cecocolicum - ашылады.
Ерекшеліктері.
Жылқынық
бүйені жақсы жетілген. Оның пішіні үтір
тәрізді иіліп келеді.
Бүйеннің негізі - basis ceci - қарын тәріздес кеңейіп келеді де, үлкен
және кіші бүйен иіндерін - curvatura ceci major et minor - түзеді. Бүйен негізі
бүйен денесіне - coprus ceci, одан әрі жіңішкеріп бүйен төбесіне - apex ceci —
ауысады. Кіші иінінің дорсальды бетіне бүйен-тоқ ішек тесігі ашылады.
Тесіктің ішкі бетінде бүйен-тоқ ішек қақпағы - valva cecocolicum - және оның
қабырғасында бүйеннің қысқыш бұлшықеті - m. sphincter ceci - орналасады.
Жылқының басқа жануарлардан айырмашылығы - мықын ішек тесігінің -
octium ileale - тікелей бүйенге ашылуы.
Бүйеннің етті қабығының сыртқы ұзынша ет қабаты бүйен қабырғасында
ұзыннан төрт қатар ет таспаларын түзеді. Олар орналасу орындарына қарай
дорсальды, вентральды, медиальды және лете-ральды таспалар - tenia dorsalis,
ventralis, medialis et latesalis - деп аталады. Ал, бүйеннің ішкі бетінде таспа
аралықтарындағы қалталарға кіреберіс жиегін жартыайшықты қатпарлар -
plicae semilunares ceci - шектеп тұрады. Қалталар негізінен бүйеннің денесі мен
төбесінде орналасады.
Бүйеннің сыртқы сірілі қабығы қатар жатқан тоқ ішекпен бүйен-тоқ
ішек - ligamentum cecocolicum, ал мықын ішекпен мықын-бүйен -ligamentum
iliocecale - байламдарымен жалғасады.
Бүйен негізінің дорсальды беті бел еттерімен, оң жағы.оң бүйрек-пен,
сол жағы ұйқы безімен жанасып жатады. Бүйеннің артқы ұшы жамбас
қуысының кіреберісіне, ал алдыңғы ұшы бауырға, 18-ші қабырғааралық
тұсқа дейін созылады. Бүйен оң жағымен он екі елі ішекке және құрсақ
қабырғасына жанасады. Бүйеннің денесі құрсақ қабырғасының вентральды
бетіне, ал төбесі семсерше өсінді аумағына қарай алға бағытталған. Бүйеннің
төбесі мен құрсақ қуысының вент-ральды қабырғасы аралығында тоқ ішектің
көлденең (диафрагмальды) иілімі орналасады.
Ірі қара мал бүйенінің ұзындығы 30 -70 см, пішіні цилиндр тәрізді, тегіс
кабырғалы болып келеді. Ол құрсақ қуысының оң бүйірлік аумағының жоғарғы
жағында орналасады. Оның артқы ұшы жамбас қуысының кіре-берісіне, ал
алдыңғы шекарасы.бел бөлімінің орта тұсына дейін созылады.
Достарыңызбен бөлісу: