37
көтеріліп, бауырдың бетінде он екі елі ішектің краниальды иілімін - flexura
duodeni cranialis - түзеді. Бұдан соң он екі елі ішек бауырдан каудальды бағытта
оң бүйректің төменгі жиегін бойлай жамбас қуысының кіреберісіне дейін
созылады. Осы тұста ол медиальды бағытта бұрылып, каудальды иілім - flexura
duodeni caubalis - жасайды да, бел бұлшықеттерімен жанаса кайтадан бауырға
қарай бағытталып, оның маңында он екі елі-ащы ішек иілімін - flexura
duodenojejunalis - түзіп, ащы ішекке ауысады. Бауыр өзегі он екі елі ішекке
ірі.қара малда пилорустан 50—70 см-дей, ұсақ малдарда 25 - 40 см қашықтықта
ашылады. Ал ұйқы безінің өзегі ірі қара малда бауыр өзегінен 30 - 40 см-дей
кейінірек, ал ұсақ малдарда бауыр өзегімен бірігіп, бір бүртікке ашылады.
Шошқаның
он екі елі ішегінің ұзындығы 40 - 80 см-дей болады. Ол
құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында орналасады. Бауыр өзегі
пиларустан 2 - 5 см, ал ұйқы безінің өзегі 15 - 25 см қашықтықта ашылады.
Ащы ішек (тощая кишка ) -
jejunum - ұзын шажырқайға ілінген
көптеген
ішек ілмектерінен -
ansae intestinalis - тұрады. Өз кезегінде ол он екі
елі ішектен басталып, мықын ішекке ауысады.
Ерекшеліктері
Жылқыда
ащы ішектің ұзындығы 19—30 м, диаметрі —
6—7 см-дей болады, бүйеннің алдыңғы жағында ұзын шажырқайға ілініп
тұрады. Ол құрсақ қуысының сол жақ жартысының үстіңгі және ортаңғы
бөлігін алып жатады.
Ірі қара малда
ащы ішектің үзындығы 40 м, диаметрі 5 - 6 см, ал ұсақ
малдарда - 30 м, диаметрі - 2 см болады. Бұл жануарларда ащы ішек
басқалармен салыстырғанда қысқа шажырқайға ілінген көптеген ілмектер
түзеді. Ол түгелімен құрсақ қуысының оң бөлігінде орналасады.
Шошқада
ащы ішектің ұзындығы 15-20 м болады, ішек ілмектері ұзын
шажырқайға ілінген.
Мықын ішек (подвздошная кишка) - ileum -- ащы ішектің ең қысқа
бөлігі. Оның тоқ ішекке ашылар
тесігінің
- ostium itealis - қабырғасында
мықын ішек
буртігінің
- papilla ilealis - негізін құрайтын
қысқыш ет -
m.
sphincter ilei - болады. Оның ішкі бетінде
жүгеншік -
frenulum papillae ilealis
- орналасады.
Ерекшеліктері.
Жылқыда
мықын ішектің ұзындығы 30 см, құрсақ
қуысының оң бүйірлік аумағында жатады. Ол бүйенге тікелей кіші иін
жағынан ашылады.
Күйіс қайтаратын жануарларда
мықын ішек бүйен мен тоқ ішектің
соңғы иілімі арасында жатады. Ол 4-ші бел омыртқа тұсында тоқ ішектің
артқы оң жағына, бүйен мен тоқ ішек шекарасына келіп ашылады.
Шошқада
мықын ішек тоқ ішектің алдыңғы он жағының үстіңгі бетіне
шөлмек тәрізденіп ашылады. Осы тұс бүйен мен тоқ ішек шекарасы болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: