Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б


Қабырғадан тыс орналасқан азық қорыту бездері



Pdf көрінісі
бет38/65
Дата08.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#117644
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   65
Байланысты:
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

 
Қабырғадан тыс орналасқан азық қорыту бездері 
Бауыр (печень) - һераг - азық қорыту бездерінің ішіндегі көлемі 
жағынан ең үлкені. Жануарлар түрі мен бауырдың қанға толу мөлшеріне 


38 
байланысты оның түсі қызыл-қоңырдан ақшыл-қоңыр-ға дейін өзгеріп 
отырады. Құрылысы жағынан ол паренхиматозды қомақ-ты ағза. Бауыр 
организмде тіршілік-ке қажет көптеген қызметтер атқара-ды, сондықтан оны 
"организмнің биологиялық лабораториясы" деп атайды. Ол ас қорыту безі 
ретінде он екі елі ішек қуысына өт бөледі. Өт ұйқы безі мен ішек 
сөлдеріндегі азық қорыту ферменттерінің белсенділігін арттырады, майды 
тым ұсақ тамшы-ларға ыдыратып, көбіктендіріп, оның қорытылуын 
жеделдетеді. Сондықтан, жануартекті майлы азықпен қоректенетін 
жануарларда өт көп мөлшерде бөлінеді. Олардың бауырының көлемі де 
үлкен келеді. 
Бауырда ішек-қарыннан қорытылған қоректік заттармен қатар қанға 
сорылған улы заттар да залалсызданады, қандағы микроорганизмдер 
жойылады, бауыр клеткаларында көмірсулар (углеводтар) гликоген ретінде 
қор болып жиналады, амин қышқылдарынан бөлінген аммиактан 
органикалық зат - мочевина мен несеп қышқылдары түзіледі. Осы аталған 
қызметтер бауыр клеткаларының тікелей қатысуымен жүреді. Бауыр 
мөлшерінің денемен салыстырғандағы көрсеткіші іштегі төлдерде 
(ұрықтарда) ересек жануарларға қарағанда әлде қайда үлкен. Оларда бауыр 
қосымша қан түзу қызметін атқарады. Қарыннан, ішектерден, көкбауырдан 
ағып шығатын вена қаны аталған ағзалар веналарымен 
қақпалық венаға 
- v. 
portae - құйылып, бауырға оның висцеральды бетіндегі қақпасы арқылы 
енеді. Бауыр тканін оттекпен бауыр артериясы қамтамасыз етеді. Бауырда 
қақпалық вена бөлікаралық веналарға, бұлар өз кезегінде бөлікшелерге еніп, 
бауыр клеткалары аралығындағы капиллярлар торына тармақталады. 
Бауырдың қызметіне байланысты құрамы өзгерген вена қаны 
бауыр 
веналары 
- vv. hepaticae - арқылы 
артқы куысты венаға 
- v. cava caudalis - 
шығарылады. Бауыр қан тамырларында организм қанының 20% қор ретінде 
сақталады. Бір қызығы бауырдың веналық кан капиллярлары екі вена қан 
тамырлары - қақпалық және бауыр веналары аралығында жатады. Бұндай 
капиллярлар торын - веналық ғажап тор - rete mirabile - деп атайды. 
Бауыр диафрагманың артқы кұрсақ қуысына қараған бетінде ор-
наласқан. Оның 
алдыңғы дөңес диафрагмалық
- facies diaphragmatica, артқы 
ойыс іштік (висцеральды) 

facies viceralis 

беттері 
болады. Бауырдың 
дорсальды жиегі 
- margo dorsalis доғал, ал 
оң, сол 
және 
вентральды 
жиектері 
- margo dexter, sinister et ventralis - жұқа қырлы келеді. Дорсальды 
доғал жиегінде өңештен өтетін 
батыңқы 
- impressio esophagea - көрінеді. 
Оның оң жағынан артқы қуысты вена өтеді. Ал, жұқа қырлы жиегіндегі 
бөлікаралық ойықтар 
- incisura interlobularis - бауырды бірнеше бөліктерге 
ажыратады. Бауырдың теменгі орта тұсындағы ойық оны 
оң 
және 
сол 
бөліктерге 
- lobus hepatis dexter et sinister - бөледі. Осы ойықтың бойымен 
іштегі төлдің кіндік венасынан пайда болған, 
жұмыр байлам - 
ligamentum 
teres - өтеді. Бұл байлам-ның бауырды диафрагмамен байланыстырып 
тұратын жалғасын 
орақша байлам 
- ligamentum falciforme hepatis - дейді. 
Бауырдың висцеральды бетінде жылқы, түйе және бұғыдан басқа 


39 
жануарларда 
өт қабы 
- vesica fellae - мен одан шығатын өт қабының 
өзегі 

ductus cysticus - орналасады. Өт қабы астындағы ойық пен жұмыр байлам 
өтетін ойық арасындағы бауыр аралығын оның шаршы бөлігі - lobus 
guadratus - деп атайды. Осы шаршы бөліктің үстіңгі шекарасындағы 
қақпалық вена енетін бауыр қақпасынан - porta hepatis - жоғары жатқан 
бауырдың орта тұсындағы бөлікті 
құйрықты бөлік 
- lobus caudatus - дейді. 
Әдет-те, кұйрықты бөліктің 
құйрық өсіндісі 
- processus caudatus hepatis - 
болады. Шошқадан басқа жануарларда құйрық өсінділерінде бүйрек 
батыңқысы - impressio renalis - жақсы байқалады. Кейбір жануарларда оң 
және сол бөліктердің өзі латеральды және медиальды бөліктерге - lobus 
dexter et sinister lateralis et medialis - бөлінеді. 
Бауырдың орта тұсын диафрагмаға көлденең 
тәждік байлам
-
ligamentum coronarium hepatis - бекітеді. Ол бауырдың екі жағына қарай 
ү
шбұрышты байламдарға -
ligamentum trangalare dextrum et dinistrum - 
айналады. Бауыр бүйрекпен 
бауыр-буйрек байламымен -
ligamentum 
hepatorenale, қарынмен бауыр-қарындық байламмен - ligamentum 
hepatogastricum, hepatogastricum, он екі елі ішекпен 
бауыр-он екі елі ішектік 
байламмен 
- ligamentum hepatoduodenale - байланысады. 
Бауыр бөліктері тым ұсақ бауыр 
бөлікшелерінен -
lobuli hepatis - түзілген. 
Қақпалық веналар бауыр бөлікшелерінің аралығында 
бөлікшелераралық 
веналарға- 
vv. interlobulares - таралады. Бұлар әрбір бөлікшеге енгеннен кейін 
бөлікше іші веналарына -
vv. intralobulares, ал бұлар өз кезегінде бөлікшелер 
ішінде клетка бағаналары аралық капиллярларға таралады. Бұл капиллярлар бір-
бірімен қосылып, бөлікшелер ортасында 
орталық венаны -
vv. centrales - 
құрайды. 
Бауыр клеткалары бағаналар ішіндегі клеткааралық саңылауға өт 
шығарады. Өт капиллярлары бауыр бөлікшелерінің шетіне қарай 
бағытталады. Бұлардан бөлікшеаралық өт өзекшелері шығып, бір-бірімен 
қосылып, оң және сол 
бауыр өзектерін -
ductus hepaticus dexter et sinister - 
жасайды. Бұл өзектер бірігіп, 
жалпы бауыр өзегін - ductus hepaticus 
communis
, ал ол өт қабы өзегімен бірігіп 
өт өзегін -
ductus choledohus - түзеді. 
Ерекшеліктері. 
Жылқы 
бауырында өт қапшығы болмайды. Сол бөлігі 
латеральды және медиальды бөліктерге бөлінеді. Бауыр өзегі он екі елі 
ішекке пилорустан 10-12 см қашықтықта ашылады. Бауыр құрсақ қуысының 
оң жағында 16-шы қабырғаға, ал сол жағында 7-12-ші қабырға тұсына дейін 
созылады. Ол негізінен құрсақ қуысының оң қабырғаастылық аумағында 
орналасқан. Бірақ оның сол бөлігі сол қабырғаастылық аумағына аздап өтеді. 
Күйіс қайыратын жануарларда 
бауыр оң қабырғаастылық аумақта, 8-
ші қабырғадан соңғы қабырғаға дейінгі аралықта жатады. Бауыр бөліктері 
нашар байқалады. Өт қабы алмұрт пішіндес болып келеді. Оның вентральды 
ұшы бауыр жиегінен төменірек түсіп тұрады. 
Шошқа 
бауырының оң және сол бөліктері өз кезеңінде латеральды 
және медиальды бөліктерге бөлінеді. Оның денемен салыстырмалы мөлшері 
таза шөпқоректі жануарларға қарағанда үлкендеу болып ке-леді, құйрықты 


40 
бөлігі оң бүйрекпен жанаспайды. Бауыр оң қабырға-астылық аумақта, 14-ші 
қабырға тұсына дейінгі аралықта жатады. Сол қабырғаастылық аумаққа сәл 
ғана өтіп тұрады. 
Ұйқы безі (поджелудочная железа) - pancreas - секрет бөлу си-патына 
қарай ішкі және сыртқы секреция бездеріне жатады. Бездің сыртқы секреция 
бөлігі ас қорыту ферменттеріне бай ұйқы безі сөлін бөледі. Құрылысы жағынан 
ол күрделі көпіршікті-түтікшелі бездерге жатады. Бездің сөл бөлетін соңғы бөлігі 
көпіршік (альвеола) тәрізді болып келеді. Одан түтікшелер шығып, бір-бірімен 
қосылып, ұйқы безінің өзегін түзеді. Ұйқы безі паренхиматозды ағзаларға 
жатады. Он екі елі ішек шажырқайының екі жапырағының аралығында 
орналасады. Ұйқы безі оң, сол және орталық бөліктерден тұрады. Ұ
йқы безінің 
өзегі -
ductus pancreaticus - он екі елі ішекке ашылады. Бұдан басқа оның ішекке 
дербес ашылатын қосымша өзегі де - ductus pancreaticus accessorius - болады. 
Ерекшеліктері. 
Жылқыда 
ұйқы безі денесінен, оң және сол бөліктерінен 
тұрады. Оның өзегі бауыр өзегімен бірігіп, он екі елі ішекке ашылады. Кейде 
қосымша өзегі де кездеседі. 
Ірі қара малда 
ол он екі елі ішек бойымен орналасады. Ұйқы безі де-
несінен және оң бөліктен тұрады. Без өзегі он екі елі ішекке өт өзегінен 30—40 
см кейін ашылады. Ал ұсақ малдарда олар бірігіп бір бүртікке ашылады. 
Шошқада 
ұйқы безі денеден, оң және сол бөліктерден тұрады. Бір өзегі 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет