Ш. А. Абжанова Алматы: ату, 2009. 65 б



Pdf көрінісі
бет40/65
Дата08.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#117644
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65
Байланысты:
abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy

Ұсақ малдарда 
бүйеннің құрылысы мен орналасу орны ірі қара мал 
бүйеніне ұқсас, бірақ көлемі кіші келеді. 
Шошқанық бүйені 
қысқа, пішіні конус тәрізді болады. Қабырғасында 
үш қатар ет таспалары, олардың аралығында үш қатар қалталар орналасады. 
Бүйеннің алдыңғы беті оң бүйректің артқы бетімен жанасып, артқа 
бағытталған бүйен төбесі каудальды және оң жаққа қарай иіліп жатады. 


42 
Тоқ ішек (ободочная кишка) - colon - жуан ішектің ортаңғы бөлігі, Әр 
түрлі жануарларда бұл ішектің ұзындығы олардың қоректену сипатына 
байланысты. Мысалы, жыртқыштарда ол қысқа, талғаусыздарда - орташа, ал 
шөпқоректілерде - ұзын, бұғыда - өте жіңішке, жылқыда жуан болып келеді. 
Ерекшеліктері. 
Жылқының 
тоқ ішегі үлкен және кіші тоқ ішек болып 
екіге бөлінеді. 
Үлкен тоқ ішек - crassum - бір-бірімен шажырқай - тезосоіоп - арқылы 
байланысқан таға пішіндес екі қатарда орналасқан жарты ілмектерден 
тұрады. Әрбір жарты ілмек үш бөлікке бөлінеді. Яғни үлкен тоқ ішектің екі 
жарты ілмегінде алты (үш вентральды, үш дорсальды) бөлік ажыратылады. 
Үлкен тоқ ішек бүйеннің кіші иінінен басталады да, құрсақ куысының 
төменгі оң жағымен алғы диафрагмага бағытталып, тоқ ішектің оң 
вентральды бөлігін - colon ventrale dextrum - түзеді. Одан соң ол төс сүйегін 
жанай, оңнан сол жаққа қарай бұрылып, төс иілімі - flexura sternalis - арқылы 
диафрагманың артқы бетінде жатқан тоқ ішектің вентральды диафрагмальды 
бөлігін - colon ventrale diaphragmale - жасайды. Одан соң құрсақ куысының 
төменгі сол жағымен төс сүйегінен жамбас қуысының кіребірісіне дейін 
созылып, тоқ ішектің сол вентральды бөлігіне - colon ventrale sinistrim - 
айналады. Сейтіп, бұл ішектің вентральды таға пішіндес жарты ілмегі үш 
бөлікке бөлінеді. Бұл вентральды бөліктер қабырғаларында төрт қатар ет 
таспалары және олардың аралығында .төрт қатар қалталар болады. Тоқ 
ішектің сол вентральды бөлігі жамбас куысына кіреберісте дорсальды 
бағытта көтеріліп, жамбастық иілім - flexura pelvina - жасайды. Содан соң ол 
құрсақ қуысының сол жақ вентралъды жарты ілмектің үстімен жамбас 
қуысынан кері диафрагмаға қарай бағытталып, тоқ ішектің сол дорсальды 
бөлігін - colon dorsale sinistrum - түзеді. 
Одан соң ол диафрагмалық иілім - flexura diaphragmatica - арқылы 
диафрагманың артқы бетімен құрсақ қуысының сол жағынан оң жағына 
қарай бұрылып, тоқ ішектің дорсальды диафрагмальды бөлігін - colon dorsale 
diaphragmale - жасайды, Одан .кейін ол құрсақ қуысының дорсальды оң 
жағымен диафрагмадан каудальды жаққа бағытталып, тоқ ішектің оң 
дорсальды бөлігін - colon dorsale dextrum - түзеді. Үлкен тоқ ішектің соңғы 
бөлігі қарын тәріздес кеңейіп, тоқ ішек ампуласын - ampulla coli - жасайды. 
Үлкен тоқ ішектің дорсальды жарты ілмегіне де, үш бөлік болады. Сөйтіп, 
төменгі және жоғарғы таға пішіндес екі жарты ілмектер алты бөліктен 
тұрады. Үлкен тоқ ішектің оң дорсальды бөлігі бүйеннің алдыңғы жағында 
оңнан солға қарай бұрылып, қуысы тарылып, көлденең тоқ ішек - colon 
transversum - деп аталады да, кіші тоқ ішекке ауысады. 
Үлкен тоқ ішек дорсальды жарты ілмегі қабырғасында үш қатар ет 
таспалары және олардың аралықтарында үш қалта қатарлары болады. 
Кіші тоқ ішек (қарта) - colon tenue - немесе төмендеген тоқ ішек - colon 
descendens - ұзын шажырқайға ілінген. Ішек қабырғасында екі қатар ет таспалары 
және екі қалта қатарлары болады. Кіші тоқ ішек үлкен тоқ іш-ектің оң және сол 
бөліктерінің аралығында ілмек жасай тік ішекке ауысады. 


43 
Күйіс қайтаратын жануардың 
тоқ ішектерінің пішіні диск немесе 
дискоконус тәріздес болып, құрсақ куысының оң жағында орналасады. 
Дискіде тоқ ішектің проксимальды ілмегі - ansa proximalis coli - иірімді ілмегі 
- ansa spiralis coli - және дистальды ілмегі - ansa distalis coli - ажыратылады. 
Ал, дискедегі ішек оралымдарының өзі ортаға тепкіш центрипетальды 
оралымдардан - giri centripetales, орталық иілімнен - flexura centralis және 
ортадан тепкіш центрифугальды оралымдардан - giri centrifugales - түзіледі. 
Оралымдардың саны ірі қара малда - 1,5 - 2, қой мен ешкіде - 3. Ортаға 
тепкіш оралымдар сағат тілі бағытымен, ал ортадан тепкіш оралымдар кері 
бағытта айнала оралады. 
Шошқада 
тоқ ішектің пішіні конус тәрізді болып келеді. Конустың 
табаны бел бұлшықеттеріне және оң бүйрекке, ал төбесі құрсақ қуысының 
кіндік аумағына бағытталады. Тоқ ішек конусы құрсақ қуысы сол жағының 
алдыңғы 2/3 бөлігінде орналасады. Бүйеннен шыққан тоқ ішек конустың ішіне 
қарай сағат тілі бағытымен - 3,5 ортаға тепкіш оралымдар жасайды да, конус 
төбесінде орталық иілімнен соң, кері бағытта ортадан тепкіш оралымдар түзеді. 
Ортаға тепкіш оралымдар қабырғасында екі қатар ет таспалары мен қалталары 
болады. Ал, ортадан тепкіш оралымдарда ішек қабырғасы тегіс келеді. Оның 
соңғы ілмегі - ansa distalis coli - ішек конусының табанынан тік ішекке ауысады. 
Тік ішек (прямая кишка) - rectum - жуан ішектің қысқа соңғы бөлігі. Ол 
жамбас қуысында құйымшақ астында шажырқайға ілініп, артқы тесік - 
ануспен аяқталады. Анусқа өтер алдында кеңейіп, тік ішек ампуласын-
ampulla recti - түзеді. Тік ішекті сыртынан сірілі қабық тек құйымшақ 
астындағы тұста ғана қаптайды. Ал, оның бөлігі сыртынан адвентициямен 
қапталған. 
ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫ – APPARATUS RESPIRATORIUS 
Тыныс алу аппараты (дыхательный аппарат) жануарлар организмінде 
газ алмасу қызметін атқарады, яғни аудағы оттегінің қанға өтуін қандағы 
көмір қышқыл газдың, керсінше, ауаға шығарылуын қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет