Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



Pdf көрінісі
бет109/155
Дата08.02.2022
өлшемі1,69 Mb.
#118207
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   155
Байланысты:
249 әдіс тәсіл pdf

 
«Өзін таныстыру» 
Сабақ басында бір оқушы тақта алдына шығып, өзі туралы 1 
минут әңгіме айтады: өз сөзінде ол өзі туралы қызықты деректер 
келтіруге тырысуы керек. Қалған оқушылар оның сөздерін жағымды 
тұрғыдан қабылдап, үнемі қол шапалақтап және қуаттап отыруы керек. 
Осы әрекеттер арқылы сынып ішінде оқушылардың бір-біріне 
деген сенімді қатынасын орнату көзделеді. 
 
«Өз таңбаңды (герб) жаса» 
Оқушылар бір парақ қағазда фигураны сызып, оның 
ішіндегі бөліктерге өздері туралы келесідей деректерді жазады: 

Өз есіміңізді жазыңыз. 

Ұялы телефоныңыз бен электрондық поштаңызды 
жазыңыз. 

Сүйікті пәніңізді жазыңыз. 

Зерттеу тақырыбыңызды жазыңыз. 

Өз қолыңызбен жақсы жасай білетін екі заттың 
суретін салыңыз (жиһаз, тағам түрі, тоқыма түрлері). 

Өзіңізді жақсы сезінетін бір жердің суретін салыңыз 
(үй, бөлме, табиғат аясы). 

Өміріңіздегі ең елеулі ықпал жасаған үш адамның 
суретін салыңыз. 

Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді? 
Бір сөз жазыңыз. 

Өзіңіз туралы естігіңіз келетін үш жағымды сөз 
жазыңыз. 
Оқушылар өз таңбаларын жасап бітіргеннен кейін шағын топ 
ішінде суреттерін талқылап, сұхбаттасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет