68
салы,
лекция уақыттары мен сессия
кезеңдері немесе маңызды кездесу мен
шұғыл шаруа бар кездерде көңіл көтеру
орынсыз болуы мүмкін.
2. Көңіл көтеру уақыттарын белгілегенде
бір үлкен жұмысты тындырғаннан кей-
ін немесе өте маңызды іс атқарылған-
нан кейінгі уақыттарды таңдау өте
тиімді. Әдетте мұндай ауқымды істер
адамның зейінін талдырып, миын шар-
шататындықтан, одан кейін тағы бір
іске толық ден қойып кірісуі қиын. Бұл
бір жағынан
маңызды істі бітіруге де-
ген құлшынысымызды арттыра түседі.
3. Көңіл көтеру – бірінші кезекте физи-
ологиялық қажеттілік. Сондықтан өз
денсаулығымызға зиян тигізу арқылы
көңіл көтеру ақылға қонымсыз екенін
естен шығармаған дұрыс. Мысалы, ағ-
замызды
улайтын заттарды пайдала-
ну арқылы көңіл көтеруді осы топқа
жатқызуға болады.
4. Көңіл көтеруді пайдалы іспен біріктіру
нұр үстіне нұр болмақ. Мысалы, отба-
сымен тауға шығу, жора-жолдастармен
спорт ойындарын ойнау.
Көңіл көтеруді өзімізді жетілдіруге еш ке-
69
дергі келтірмейтіндей етіп ұйымдастыруға
болатынын білген жөн. Керісінше өзімізді да-
мытатын хобби табу арқылы, спорт ойында-
рының бірімен шұғылдану арқылы, туыстық
қарым-қатынасты жалғайтын отбасылық де-
малыстар арқылы
көңіл көтерудің көптеген
пайдалы әрі өте қажетті түрлерін ойлап та-
буға болады.
Алайда Абай атамыздың И. А. Крыловтан
аударған мысалындағы көңіл көтеруден бас
көтермеген шегірткенің күйін кешіп қалмау
жағын да қаперде ұстау керек. «Өмір – тек
көңіл көтеруден тұрады» деу жаңсақ пікір.
Бірақ атқарған жұмысымыздан, оның барысы
мен нәтижесінен ләззат алудың жөні бөлек.
Тіпті бүкіл ләззат пен рақат еңбек пен жұмы-
стың ішіне жасырылғандай көрінетін кездер
де болады.
Бос көңіл көтеру мен көңілі алып ұшқан іспен
шұғылданудың айырмашылығы гөләйттағыш
шегіртке мен
еңбекқор құмырсқаның мыса-
лынан анық көрінеді:
Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
72
Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!
Абай атамыз бұл мысалды орыс ақыны И.
Крыловтан аудару арқылы жастарға үлкен
тәлім-тәрбие беруді көздейді. Бұл жерде ай-
тылып отырған жаз мерзімі бейне бір адам-
ның жастық шағындай. Жас кезінде өнер-
білім жимай, өмірлік азық боларлық кәсіп
үйренбей, уақытын
тек көңіл кетерумен өт-
кізген адамның күйін шегірткеге теңеп тұр.
Ала жаздай еңбек етіп, тер төккен құмырсқа
жастық шағын бағалап, уақыты мен еңбегін,
жиғаны мен тергенін болашаққа инвестиция
ретінде құйған адаммен теңелген. Бұл мысал-
дан шығатын өнеге адам бойында күш-қайра-
ты бар кезде оның болашақ пен мәңгіліктің
үлесі үшін де арнаған, атаған дүниесінің бо-
луы қажет екендігі. Қазақ мұны бір ауыз сөз-
бен «
Бейнет түбі – зейнет
» деп түйіндеген.