Гуманитарлық- техникалық институты



Pdf көрінісі
бет19/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,15 Mb.
#119842
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62
Байланысты:
Бокс практикалық сабақ

Қарастырылатын сұрақтар: 
1.
 
Қарсы соққылар
 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1.
Касымбеков М.А., Бараев Х.А., Рысбеков Т.Р., «Бокстың даму тарихы. Жарыс ережесі» 
Алматы, 2006 
2.
Тулегенов Ж.М. Бокс оқу құралы. Алматы, 1993 
3.
Тулегенов Ж.М. Бокс 1-курс студенттеріне арналған оқулық. Алматы, 1991 
4.
Никифоров Ю.Б. Эффективность тренировки боксеров. М., ФиС., 1987 
5.
Оспанбаев Е.С. Таңдап алған спорт түрі бойынша жаттықтырушының кәсіптік 
дайындық негіздері ( бокс) пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған 
әдістемелік нұсқау. Шымкент,2014 
 
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Ұсынылған әдебиеттердегі 
авторлар жасаған боксты оқыту әдістемелерімен танысу
 
Тәжірибелік сабақ № 9 
Тақырып :
 
Соққыдан жалтару
 
 
Бұл қорғаныстың өзіндік ерекшелігі бар. Қарсыластың соққысы кезінде бір жағына 
қарай жалтарып, соққыны басқа дарытпау қажет. Осы кезде қарсыласқа соққы беру үшін 
боксшының екі қолы да бос болады. Кептеген боксшылар мұндай қорғанысты жақсы 
көреді осыдан. Ал шабуыл кезіндегі мұндай қорғаныс қарсыласпен қажетті 
арақашықтықты сақтауға, сондай-ақ шабуылды әлсіретпеуге жағдай жасайды. Еңкейіп 
қорғануды жақсы үйренген және оны жекпе-жек кезінде дұрыс пайдалана алатын боксшы 
қарсыласының соққысын тигізбейді, жұдырығын басынан асырып жібереді. Қателескен 
қарсыласы қорғаныссыз ашық қалады. Осы кезде оған қатты соққы немесе соққылар 
тізбегін беруге болады. Сол қолмен де, сондай-ақ оң қолмен де басқа берілген соққыдан 
оңға қарай еңкейіп қорғану керек. Бұл кезде қарсыластан көз айырмаған жөн. Еңкейе 
бастаған сәтте сол қолмен қарсыласқа жауап соққы береді. Ал еңкейгеннен кейін соққыны 
екі қолмен беруге де мүмкіндік туады. Соққы басқа бағытталғанда ғана еңкею керек. 
Басқа жасалған төте соққы кезінде боксшы бір жағына қарай еңкейеді. Ал қапталдан 
немесе төменнен жасалған кезде еңкеюге де немесе тізені бүгіңкіреп шалқаюға да болады. 
Сол қолмен де, сондай-ақ оң қолмен де төте соққы берілген кезде оңға қарай қисаю керек 
Бұл қарсыласты бос қолмен екінші соққы беру мүмкіндігінен айырады. Егер соққыдан 
жалтарып құтыла алмайтын болса, онда сол жалтаратын жаққа қарай бір қадам жасау 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет