Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттердегі
авторлар жасаған боксты оқыту әдістемелерімен танысу
Тәжірибелік сабақ № 13 Тақырып:
Ұрысқа қажетті тұрыс
Сабақтың мақсаты Ұрысқа қажетті тұрыс дегеніміз – боксшы денелерінің біріне-бірі
алдағы болжаған қимыл әрекетті орындау үшін ең ыңғыйлы қалыпқа орналасуы. Ол
рингтегі қозғалыс кезінде қолданылатын бастапқы жағдай. Ол боксшыға қорғану үшін де,
соққы беру үшін де, ауыр соққы беруге арналған қолды ыңғайлы жағдайда ұстап еппен
қозғалуға мүмкіндік береді. Боксшының жан-жақты және арнайы дайындығына
байланысты тұрыстың үш түрі болады: сол қолмен алға қарап тұру – мұны оңқай
боксшылар пайдаланады; оң қапталмен алға қарап тұру –оны солақай боксшылар
пайдаланса , қарсы алдымен тұруды көбінесе жақын қашықтықта ұрыс жүргізгенде
қолданылады. Бұдан басқа дене мүшелерінің орналасуына қарай ашық және жабық;
жоғары және төмен тұрыстар бар.