15
және оны жекпе-жек кезінде дұрыс пайдалана алатын боксшы қарсыласының
соққысын
тигізбейді, жұдырығын басынан асырып жібереді. Қателескен
қарсыласы қорғаныссыз ашық қалады. Осы кезде
оған қатты соққы немесе
соққылар тізбегін беруге болады. Сол қолмен де,
сондай-ақ оң қолмен де
басқа берілген соққыдан оңға қарай еңкейіп қорғану керек. Бұл кезде
қарсыластан көз айырмаған жөн. Еңкейе
бастаған сәтте сол қолмен
қарсыласқа жауап соққы береді. Ал еңкейгеннен кейін соққыны екі қолмен
беруге де мүмкіндік туады. Соққы басқа бағытталғанда ғана еңкею керек.
Басқа жасалған төте соққы кезінде боксшы бір жағына қарай еңкейеді. Ал
қапталдан немесе төменнен жасалған кезде
еңкеюге де немесе тізені
бүгіңкіреп шалқаюға да болады. Сол қолмен де, сондай-ақ оң қолмен де төте
соққы берілген кезде оңға қарай қисаю керек Бұл қарсыласты бос қолмен
екінші соққы беру мүмкіндігінен айырады. Егер соққыдан жалтарып құтыла
алмайтын болса, онда сол жалтаратын жаққа қарай бір қадам жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: