Лекция жинағы шымкент, 2021 ж



Pdf көрінісі
бет17/22
Дата08.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#119859
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Бокс лекция

Ұсынылған әдебиеттер:
1. Асқар А. Боксшының тактикалық дайындығы. 2002 ж. 166 бет 
2. Касымбеков М.А., Бараев Х.А., Рысбеков Т.Р. Бокстың даму тарихы. 
Жарыс ережесі. Алматы, 2006 
3. Оспанбаев Е.С. "Бокстың техникалық тәсілдерін үйрету" оқу құралы 
ОҚМУ Шымкент, 2015 ж.-77 с. 


18 
11. Лекция Қапталдан ұратын соққылар 
Қапталдан ұратын соққы сайыста жиі қолданылады. Олар қатты және 
жылдам соққы ретінде нәтижелі пайданылады. Қарапайым ұқсастығымен 
топтастырғанда бұл соққының он алты түрі бар. Оң қолмен қапталдан соғу. 
Оңқай боксшыға да, солақай боксшыға да қарсы соққылар жиі қолданылады. 
Қалыпты тұрыс кезінде оң жұдырық нысанадан алысырақ тұрады. Соққы 
кезінде 
ол 
нысанаға 
дейін 
едәуір 
жол 
жасайды. 
Қарсыласы 
шабуылдаушының ниетін алдын ала сезіп, әсіресе солақай боксшыға қарсы 
қажетті қорғанысты сирек қолданады. Жалпы оң қолдың соққылары 
қарсыластың қорғанысын ашады. Оң қолмен алыстан күшті соққы беру тіке 
соққыға ұқсайды. Алдымен дене өзінің тіке осінен солға қарай бұрылып, сол 
мезетте оң аяқпен итеріліп, оң қол іске қосылады. Жұдырық алақанмен ішке 
бұрылады. Қолдың жазылуымен бірге боксшы артқы аяғымен итеріліп
денесін бұрып, алға оң иығын шығарады. Дененің ауырлық орталығы алға 
жылжып, салмағын алдыңғы сол аяққа ауыстырады. Бұрылудың соңында 
дене алға және сәл төмен беріледі де, сол иық артқа тартылады. Қол түгел 
жазылмайды, шынтаққа ашық доғал бұрыш сақталады. Соққы біткен кезінде, 
боксшы алдыңғы аяғына тіреліп, денесінің оң қапталы қарсыласына 
бұрылып, сол иығы артқа тартылып, оң иығы алысқа алға шығып, алдыңғы 
тіреудің шекарасында тұрады. Ал дене сәл алға еңкейіледі, қол сәл 
бүгуліқалпында нысанаға тиіп тұрады. Сол қол бұл сәтті денені, иекті қарсы 
соққыдан қорғап, жауып тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет