Қ ызылша (корь) – қоздырғышы вирус
.
Ауруды таратушы
– ауру адам. Ауру ауа
арқылы жұғады. Жасырын кезеңі 8-10 күн, кейде 17 күнге дейін созылады.
Белгілері
: дене қызуы 38,5-39º-қа көтеріледі, тұмау, құрғақ жөтел, жұтқыншақтың
шырышты қабығы қызарады. Бала мазасызданып, жылауық келеді.
Осы кезде баланың екі жақ шырышты қабығынан азу тістері айналасынан, еріннің
шырышты қабығынан, тіс қызыл еттерінен дәннің көлеміндей ашық-қоңыр нүктелерді көруге
болады. 4-5 күндері жаппай бөртпелер шығады. Бөртпелер ұсақ қызғылт нүкте түрінде құлақ
сыртына, мұрын үстіне шығады. Бір тәулік ішінде ол бетке, мойынға, кеудеге, арқаға жайылып,
келесі күні бүкіл денені, қолды, ал 3-ші күні аяқты қамтиды. Бөртпе шыққан кезде баланың
қызуы жоғары болады. Сосын қызуы түсіп, бөртпелер бозғылттанады. Бала 2-3 күн тұрмай жату
керек.
Қызылшаға 3 айлық жасқа дейінгі сәбилер төзе алмайды. Себебі, оның организміне
анасымен берілген иммунитет әлсіз.
Қызылша басқа да аурулар тәрізді әртүрлі болып, кейде жеңіл өтеді.
Бала жатқан бөлмені таза ұстап, жиі-жиі желдетіп тұру қажет. Бөлмені дымқыл
шүберекпен тазалаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |